"Қызылағаштық жігіттердің тағдырына бүкіл қазақ алаңдаулы"

15.10.2019, 10:38

114

Бүгін Талдықорғанқаласына қамаудағы қызылағаштық бес жігіттің жағдайын білуге бір топқоғам белсендісі келді. Қоғам қайраткері Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ бұл істі қарапжатқан комитетке қоғам өкілдерін қосуды сұрады.

Алматылық қоғамбелсенділерімен Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат ТҰРЛАШОВкездесті. Сондай-ақ, бұл кездесуге қамауда отырған азаматтардың туған-туыстарыда қатысты.

«Қазақ жігіттері неге қытайларды барып ұрды? Біріншітөбелесті шетелдік жұмысшылар бастады. Және Қазақстанда заң жоқ. Сондықтан даол азаматтар барып қытайларды ұрды. Мәселен ол компанияда 68 қытай заңсыз жұмысістеген. Егер бірінші қытайлар қазақ азаматын ұрмаса, 68 қытай заңсыз біздіңжерімізде жүрмесе, мына жағдай болмас еді.  Біздің полиция, прокуратура, ҰҚК қайда қарапотырды? Қызылағаштың жігіттерін соттаса бүкіл қазақ көтеріледі. Біз осылайтолқуды тоқтатамыз десе, билік қателеседі. Қазір қытайдан кіретін елу зауыт,жалға жер беру, қытайдың өзіндегі «саяси үйрету лагерьлер» жайлы қоғамда айтылыпжатыр. Бұл онсыз да ызаланып отырған халықтың ашуына тиеді. Бес азаматты қаттыжазылудың керегі жоқ», — деді Рысбек Сәрсенбайұлы.  

Қытайлық «CiticConstruction» компаниясындағы кикілжіңге қатысты комиссия төрағасы Ләззат МАХАТҰЛЫқоғам мүшелерімен жұмыс жасауға ықыласты екенін білдірді. «Барлық жұмыс заң аясында жасалады. Бізде де намыс бар. Мен осы қызметкедейін қара жұмыс та жасадым. Әділетсіздікті жібермеуге тырысамыз», — деді облысбасшысының бірінші орынбасары. Алматыоблысы полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан АЛМАСБЕКОВ қозғалғанқылмыстық іске қатысты көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, 2019 жылдың 7 қазан айында Алматы-Өскемен автожолының 303 шақырымында 1998жылғы Қанат ЖАМБЫЛ есімді азаматты Лянг ЖЕНГ, Ченг ПЕНГЛИНЬ, Чанг ХУЙ есімдіқытай азаматтары ұрған. Жеңіл дене жарақатын алуына байланысты олар әкімшілікжауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамалған. Сол күннің ертеңінде Алматыоблысына қарасты Ақсу ауданының бес тұрғыны қытай азаматтарымен төбелеседі.Соққыға жығылған шетелдік екі азамат ауруханаға орташа дене жарақатымен түседі.

10 қазан күні судьябұзақылық бабы бойынша Қызылағаш ауылының бес азаматы Берікбол РЫСАЛДИНОВ,Бейбіт, Нұрбол МҰХАМЕТАЛИН және Сарқыт пен Еркін САЛҚАНОВТАРДЫ екі айға қамаутуралы шешім шығарды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?
Батыр ЖАСҰЛАН 22.09.2021, 12:00
Заң астарындағы «жасырынған жоба»
Сайт әкімшілігі 22.09.2021, 11:41
Михаил Ломтадзе мен Kaspi.kz Kazakhstan Growth Forum-да үш марапатқа ие болды
Сайт әкімшілігі 21.09.2021, 12:16
«Astana Media Week – 2021» биыл жаңашылдыққа толы болмақ
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39