Қызылорда облысында құлағының мүкісі бар балалар аппаратқа зәру (видео)

Сайт әкімшілігі

03.08.2022, 08:46

858

Белсенді электродты ішкі құлақ иіріміне енгізіп, жүйке талшықтарына акустикалық ақпарат беруді қамтамасыз ететін кохлеарлы имплант орнатқан науқастар енді сол құрылғының бабын келтіретін маманға зәру,-деп хабарлайды «Жас Алаш» Хабар арнасына сілтеме жасап. 

Өңірде сондай-ақ тәжірибелі сурдопедагог, логопед және дефектологтардың тапшылығы айқын сезіледі. 6 жасар Нұрали дыбыстарды қайталап, сөйлеуді енді үйреніп жүр. Өйткені туғаннан құлағы естімейді. Ем-домның түр-түрін жасатқан ата-анасы бала 2 жарымға толғанда кохлеарлы имплант орнату жөнінде шешімге келеді.

Алайда жалпы анестезиямен құлақ артының сүйегін тесіп жасалған операция үмітті ақтамады. Есту жүйкесін электр ынталандыру арқылы аудио ақпаратты қабылдауын қамтамасыз ететін жоғары технологиялы құрылғының күйін келтіру қиынға соғыпты. 

Гүлдей Есмаханова, қала тұрғыны: 

— Қазақстан бойынша аппаратты жақсы орнатып бере алмайды. Үш ай сайын Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына барамыз. Бала естімей тұр деп айтсақ, кінәні өзімізге артады. Польша елінен профессор келіп, ақпан айында бізге аппаратты орнатып берді. Сол кезде бір сағаттан кейін бала естіп тұрды. «Нұрәлі» деп атын айтып едік, бірден қарап, елең етті. Сыртқы сымдары және қоректену элементі жоқ заманауи есту протезін салдырған 9 жастағы Хансұлтан да табиғаттың түрлі дыбыстарымен танысып, қазір тілі шықты. Бірақ электрод жүйелі қондырғының бөлшектерін бес жыл сайын ауыстыру керек екен.

Мөлдір Тәжібаева, қала тұрғыны:

— Уайымдап жүрміз, аппаратымыз бұзылып қалмаса деп қорқып отырамыз. Өйткені бала терлейді, магнит терінің астында тұр. Тез-тез ауыстыратын бөлшек қолымызда тұрса дейміз. Қандай да бір олқылықтар болса, тек сол Алматыдағы орталыққа ұшуымыз керек болады. Біздің қалада жөндейтін жер жоқ. Облыстық әкімдікке қарасты салалық басқармадағылар мәселеден хабардар. Олардың айтуынша, ұсыным құжаттары өткізілген. Дегенмен препараттар бағасының қымбаттауы және мемлекеттік сатып алу заңнамасындағы жаңа өзгерістерге сәйкес кешігулер болып жатқанын мойындап отыр.  

Гүлшат Әбдіқалықова, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

— Өткен жылы мемлекеттік сатып алу өткен жоқ. Себебі 2021 жылдан бастап мүгедектерді оңалтуға қатысты барлық қызметтер мен тауарлар әлеуметтік қызметтер порталына көшті. Осы әлеуметтік порталда өнім берушінің тіркелмеуіне байланысты біз портал арқылы ала алмадық. Қазір 3 мәрте мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Тағы да аяқталған жоқ, келісім-шарт жасалуда қазіргі таңда.

Жауапты басқарма өкілдері тауар жеткізуші мекеме алдағы қыркүйекке дейін белгіленіп, жыл соңына дейін кохлеарлы имплант бөлшектері науқастарға үлестірілетіндігін айтты. 

 

Тегтер: медицина сын пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:11
ШҚО тұрғындары ауыл әкімін сайлау әділетсіз өтті деп шағымдануда
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49