Қызылордада жаралаған адам көз жұмды

28.03.2018, 02:48

60

Бүгін Қызылордада болған атыстан жаралған адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қызылорда қаласында 14-50 сағат шамасы кезінде Әйтеке би мен Желтоқсан көшелері қиылысында төбелес болып, бір адам дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа түскен еді.«Науқас медицина орталығына ауыр жағдайда жеткізілді.Дереу жан сақтау бөліміне жатқызылды.Сол мезетте „іш қуысына терең оқ тиген, ішкі ағзалары зақымдалған.4-дәрежелі геморрагиялық шок“ деген диагноз қойылған.Науқасқа шұғыл ота жасалды.Алайда көрсетілген көмекке қарамастан жарақаттанған азамат 27 наурыздың кешінде қайтыс болды»,- деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Полицияның мәліметіне сүйенсек 7-8 адам төбелескен. Қазір бұған қатысты ҚР ҚК-нің 259 бабы,3 бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің барлығы қамауға алыныпты. Қала ортасында күндіз оқ атып төбелескендердің аты-жөні тергеу мүдесіне орай айтылмай отыр.

Айнұр Манабай, Қызылорда

Фото:tengrinews.kz 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2020, 17:57
"Nur Otan" партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09