Қызылордадағы зауыт басшысы: Қытай тілін үйренсеңдер ақша берем

11.09.2019, 08:02

45

Қызылорда облысында цемент өндіретін қытай зауытындағыжергілікті жұмысшылар да әлеуметтік теңсіздіктің зардабын тартып жатыр. Құнарсыз ас, мардымсыз жалақығашағымданған бір топ жұмысшының бейнежазбасы желіде тарап жүр. Онда тіптізауыт басшысы қазақ азаматтарына қытай тілін үйренсеңдер ақша беремін деп үгітжүргізгені де айтылған.

— Упаковкада шаңболады. Бізге экологический төленбейді. 42 мың оклад. Айран беру керек. 8балаға 2 баклажка айран беріледі. Ол не болады? – дейді бейнежазбаға түскен жұмысшылардың бірі.

Бір сөзбеналпауыт зауыттағы тынымсыз тірлік емес, мұндағы жұмысшыларға жағдайдыңжасалмауы титықтатады дейді бір топ азамат. Жұмыс уақыты аяқталғанша әбденшаңға бататын жұмысшыларға зауыт ішінде жуынатын жер қарастырылмаған. Оныңүстіне зауытта берілетін астан ауру тапқандар да бар деп қапалы. «Кешкі ас,обедтерінің сапасы өте нашар. Балалар ауырып қалып жатыр. Ауырған жігіттер де бар.Скорый шақырдық осы жаққа», дейді.

Ал зауыт басшысықазақ жұмысшыларын балаға кәмпит беріп алдағандай қытай тілін үйретпекші болғанкөрінеді.

«Мың сөзге 40 мың беремін дейді. Оныосындағы ген. директор айтты».

Маңдайшасында «Қытай қуаты» деп тек ағылшын, қытай тіліндежазылған Шиелідегі цемент өндіретін зауытқа арнайы бардық. Бірақ,желідегі жазбада шағым айтқан жігіттердің мәселесін өзауыздарынан тыңдағымыз келгенімен, олардың бірін де табу мүмкін болмады. Зауытбасшыларының сөзінше ол азаматтардың бүгін жұмысқа түсетін ауысымы емес екен. Ал зауыттағылар бейнежазбадағы мәселерментаныспыз дейді.

— Интернеттегімәселеге байланысты… Тамақмәселесі күнделікті үш мезгіл стандартқа сәйкес беріледі. Ал одан бөлек қазіруақытша жуынатын жер жасалып жатыр. Біздегі барлық еңбекақы Қазақстанның заңымен бекітілген еңбек өлшеміменберіледі, — дейді «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС өндіріс бөлімінің директоры ФуМИНГ.

Зауыт басшыларыосы мәслелерді жергілікті әкімдіктегілер де тексерген деп отыр. Ал былтыр іскеқосылған «Гежуба Шиелі Цемент» қытай зауытында бүгінде 200-ден аса маман бар.Олардың 47-сі қытай азаматтары.

Фото: inform.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57