Қызылордалық шенеуніктер Жаңа жылды тойламайды

27.12.2018, 20:36

105

Қызылорда облысының шенеуніктері де Жаңа жыл мерекесін тойлаудан бас тартты. Мемлекеттік қызметшілер қымбат мейрамханаларға қаражат жұмсаудан гөрі, қайырымдылық шараларын қолға алуды көздеп отыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.Жаңа жыл – көпшілік асыға күтіп, қуана тойлайтын мереке екендігі белгілі. Мейрам қарсаңында ұжымдық отырыстар ұйымдастырылып, қыруар қаражат көңілді кештерге жұмсалады. Биылғы жылы қызылордалық шеңділер мерекелік дастарханға ақша жұмсаудың орнына, қайырымдылық шараларын өткізуді жоспарлап отыр. Аталмыш бастамаға қолдау білдіріп отырған мемлекеттік мекемелер де көп.«Департамент тарапынан Қызылордадағы барлық мемлекеттік мекемелерге арнайы ұсыныс хаттарын жолдадық. Ұжымдық отырыстардың орнына тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсетуге шақырып жатырмыз. Бұл бастама қолдау тауып отыр. Кейбір мемлекеттік қызметкерлер қайырымдылық шараларына да қатысып, ұжымдық отырысты да өткізуге ниетті. Корпоративтік кештерге тыйым салынып отырған жоқ. Жеке біздің департаменттің мамандары мүмкіндіктері келгенше ақша жинап, тұрмысы төмен отбасының балаларын қуантуды көздеп отырмыз», — деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.Департамент тарапынан ұсыныс хаттар облыстық ішкі істер департаменті мен облыстық прокуратураға да жолданыпты. Құзырлы орган мамандары да қайырымдылық шараларынан шет қалмайтындарын жеткізіпті.Фото: classpic
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 16:17
«Ашықсыз» аш қаламыз ба?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 13:00
Сақалды құрылыстардың саны көп
Бифат ЕЛТАЕВА 11:12
Қор болған Қазақстан
Әділ АҚЫЛБАЙ 09:11
Қазақстанда қанша жемқор жүргені белгісіз
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:20
Коронавирустен емделіп жатқан 790 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:12
COVID-19: қайтыс болғандар жөнінде ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06