Қызылордалық шенеуніктердің қулығы

21.05.2018, 22:59

7

Былтыр 2017 жылы Қызылорда облысында апатты үйлер мәселесі толыққанды шешіліп, жүздеген отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанған болатын. Қабырғасы сөгіліп, шатыры тесілген баспанадан шаршаған тұрғындар үшін бұл көптен күткен қуаныш еді. Алайда, кейіннен қызылордалықтарға жеке пәтерлерінің орнына арендалық баспаналардың кілті табысталғаны белгілі болып отыр. Жаңа баспананы пайдалануда құқықтары шектелген жандар әкімшілік қызметкерлеріне алданып қалдық деп налиды.«Біз Титов қыстағындағы апатты үйде тұрып жаттық. Пәтер анамның атында болатын. Кейін баспанамызды сүріп тастап, жаңа пәтердің кілтін табыстады. Арада санаулы уақыт өтіп, анам қайтыс болды. Мен мұрагер ретінде баспанаға иелік етіп қалдым. Менің қолыма екі парақ келісімшарт берді. Ішіндегі мәтін қазақша жазылғандықтан түсінген жоқпын. Көршім аударып берді. Маған жеке пәтеріміздің орнына ареналық баспана берілген», — дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Маргарита ДЕНИСОВА. Қазір Маргарита Денисова үйіне күйеуін тіркей алмай жүргенін айтады.«Бүгінгі күні бұл пәтерде ұлым екеуміз ғана тіркелгенбіз. Келісімшарт бойынша мен бұл үйді сатуға құқығым жоқ. Айына 4000 теңгеден астам ақша төлеп тұрмын. Қашанға дейін төлейтінім де нақты көрсетілмей отыр. Үйді банкке кепілдікке қойып, несие де ала алмаймын. Қысқаша айтқанда, мен формальды түрде ғана бұл пәтердің қожайыны екенімді білдім. Жеке үйімізді сүріп тастаған биліктегілер, бізді баспанасыз қалдырып отыр. Мен сияқты жаңа үй алғандардың барлығының жағдайы осындай. Енді кезекте құқық қорғау органдарына шағымданып, істің ақ-қарасын зерттеуді қолға алмақпын», — дейді Маргарита Денисова.Ал, шенеуніктер болса бұл заң аясында жасалынған әрекет деп ақталады. «ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы 13 бабы 7 бөлігінің 8 тармақшасына сәйкес жұмыс жасалынып жатыр. Яғни, тұрғындардың үйі апатты деп танылған жағдайда, оларға коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер беріледі. Және ол баспаналарды жекешелендіруге болмайды. Адамдардың өміріне қауіп төнгендіктен, тұрғындарға тұруға жарамды пәтер берілуде. Ай сайынғы төленетін төлемақы құнын жергілікті әкімдік белгілейді», — деп мәлімдеді Қызылорда қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын – үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Біржан ДАЛАБАЕВ.Осылайша, заңға сүйенген шенділер қызылордалықтардың ренішін түсінбейді. Ал, ай – күннің амандығында жеке меншігінен айырылып, жалдамалы пәтерге қоныстанғандар әділеттілікті іздеп қайда барарын білмей жүр.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.    
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2020, 10:16
"Арзанның сорпасы татымас"

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39