Қызылордалық шенеуніктердің жағдайы қиындауы мүмкін

03.01.2019, 22:31

20

Пара алып, қалтасын қалыңдатып үйренген қызылордалық шенеуніктердің ендігі жағдайы қиын болатын сияқты. Неге десеңіз, Қызылорда облысында пара беретін тұрғындардың саны азаюда. «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақпараттық талдау орталығының жүргізген зерттеу жұмыстары осындай нәтиже берді. Шара барысында қызылордалықтардан сыбайлас жемқорлық мәселесіне көзқарастарын анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама алынған.«Әлеуметтік зерттеуге қатысқан облыс тұрғындарының 66 пайызы сыйақы немесе пара бермейтіндігін айтқан. Пара бермейміз деушілердің қатары өткен жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға артып отыр», — деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берік БАЙҚОЖАЕВ.Дегенмен де тұрғындардың 19 пайызы қиналған сәтінде пара беретінін білдірген.Сондай – ақ, «You&Me» Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша зерттеу жүргізген екен. Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан қызылордалықтардың 94,5 пайызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірсе, респонденттердің 83,3 пайызы пара немесе сыйлық беру жағдайына кезікпегендігін айтқан екен.Осылайша жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күрес өз нәтижесін беруде. Алайда, бармақ басты, көз қысты әрекетке барып жағдайын жақсартқан шеңділердің ендігі күні не болмақ?Фото: abctv.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 25.11.2020, 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42