Қызылордалық шенеуніктерге іс -сапар ақысы уақытылы төленбейді

10.05.2018, 20:41

72

Қызылордада мемлекеттік қызметшілер іс – сапарға шығарда қаражаттан тарығады екен. Бұл жағдайды шенеуніктердің арасында жүргізілген арнайы сараптаманың қорытындысы көрсетті. Жалпы, жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары   ақ жағалылардың жұмысына талдау жүргізген. Сараптама нәтижесі қуантарлық емес.Сырбойылық шенеуніктер демалыс күндері де еңбек етуге мәжбүр. Олар жұмыстан тым кеш қайтып, міндетті мерекелік сыйақылардан қағылатын көрінеді.  Қызметкерлердің өздері сауалнама сұрақтарына жауап беру арқылы, осы проблемаларды жіпке тізіп берген екен. Мұнан бөлек, қызылордалық шенеуніктерді еңбек демалысына шығу мен іс – сапар шығындарын төлеу кезіндегі келеңсіздіктер де қатты алаңдататын көрінеді.«Сауалнамаға қатысқан мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы жұмыс көлемінің тым көп екеніне шағымданған. Сондай-ақ, шенеуніктердің еңбек демалысына шығу кезінде біршама заң бұзушылықтардың орын алатындығы анықталып отыр. Қазіргі күні агенттік тарапынан басқарма басшыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Аталмыш олқылықтарды жою және болдырмау үшін 9 ұсыным жолдап отырмыз», — деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: inform.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:47
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Сайт әкімшілігі 12:26
Нұр-Сұлтанда жалақы өсіруді талап еткен жүзден астам краншы жұмысын тоқтатты
Сайт әкімшілігі 11:52
Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды
Сайт әкімшілігі 09:45
Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сайт әкімшілігі 09:20
Бас санитар карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51