Қызылордалықтар әткеншектен қорқады

25.04.2018, 22:27

81

Қызылорда қалалық мәдениет және демалыс паркі жаңа жұмыс маусымына дайындала бастады.Қазіргі күні мұнда осыдан жеті жыл бұрын апатты деп танылып, істен шыққан «Колесо обозрение» аттракционы күрделі жөндеуден өтуде. Халық арасында «Шайтан арба» аталып кеткен нысанның қайта қолданысқа берілуі кейбір тұрғындардың қорқыныш тудырып отыр.«Менің 3 балам бар. Бұл аттракционды қайтадан жөндеуден өткізіп жатыр. Бірақ, толықтай келушілерге қауіпсіз болады дегенге сенбеймін. Жеке өз басым балаларыма мінуге рұқсат бермеймін. Өйткені олардың өмірі мен денсаулығы мен үшін маңызды», — дейді қала тұрғыны Руслан ТҮЙМЕБАЕВ.«Бізде жөндеу жұмыстары қалай жүргізілетіндігі белгілі ғой. Қарапайым жолдың өзін дұрыс жөндемейді ғой. Үнемі ойдым-ойдым болып тұрады. Ал, бұл аттракцион. Оның үстіне апатты деп танылған. Сыртын сырлағаннан қауіпсіз болып кетеді дегенге сенбеймін», — дейді тағы бір Қызылорда қаласының тұрғыны Рахия МАХАМБЕТОВА.Бүгінгі күні аттракционның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Мамандар нысанның 80 пайыз бөлігін жаңарттық деп отыр. Оның ішінде жаңадан мотор орнатылып, отыруға арналған кабиналар түгелдей жаңа екен. Қажетті бөлшектер көрші Ресей мемлекетінен әкелініпті.«Бұл аттракцион жеке кәсіпкер өз қалтасынан жөндеп жатыр. Бұл жұмыстарға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінген жоқ. Жеке кәсіпкердің қаламыздың 200 жылдығына орай тартуы. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін, сарапшы мамандар тексермек. Талдаушылар оң қорытынды шығарған жағдайда, 1 мамыр күні іске қосамыз деген жоспар бар», — деді Қызылорда қалалық мәдениет және демалыс паркінің директоры Әнуар НАКИПОВ.                                                                             Айнұр МАНАТБАЙ, Қызылорда                                                                                                  Фотолар автордікі
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44