«Қызымды көрмегелі бір жарым ай болды»

25.12.2018, 21:01

217

Осыдан екі жыл бұрын жаңа жыл қарсаңында жетім балалармен жүздескен Илья ИЛЬИН  допинг дауынан кейін, іштей түңіліп, ол үрдісті тоқтатқан еді. Одан бөлек шенділердің назарында үнемі болудан қалған. Енді қайта спортқа оралған ауыр атлет араға екі жыл салып, Қарағандыдағы Серік СӘПИЕВ атындағы спорт кешеніне балаларды жаңа жылмен құттықтауға арнайы келіпті.

1066 баладан құралған мерекелік іс шараға 12-ші балалар үйінің және кәмелеттік жасқа толмағандардың оңалту және бейімдеу орталығы жеткіншектері мен мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Ауыр атлет федерациясы С. Сәпиев атындағы кешенімен бірлесе, балаларға ұмытылмас жаңа жылдық кеш ұйымдастырды.

 Допинг дауынан кейін спортқа оралған Илья мереке қарсаңында бұрынғы өткен дау-дамайды тіптен есіне алғысы келмеді. Қазір сізді қаумалаған шенеуніктерден қасыңызда кім қалды деген Жас Алаш тілшісінің сауалына жауап бергісі келмеді.

«Мен спортқа қайта оралдым. Дегенімен, өтіп кеткен шаққа қайта оралғым келмейді. Допинг жайлы мүлдем есіме алғым келмейді. Бүгін мереке. Балаларға көңіл күй мен эмоция сыйлауға келдім» — деп қысқа қайырды әлемнің төрт дүркін чемпионы.

Отбасынан ажырасып кеткен ауыр атлет қызын бір жарым ай бойы көрмепті. Енді сағынышын басу үшін баласына бармақ екен.

«Мен кеше ғана Қазақстанға оралдым. Бүгін Қарағандыға келдім. Осыдан кейін Павладарға барып қызымды жаңа жылмен құттықтауды жоспарлап отырмын. Содан кейін отбасыммен жаңа жылды қарсы аламын», — деді қызылордалық спортшы.

Фотолар автордікі.  

        

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:23
Республикалық семинар өтеді
Сайт әкімшілігі 14:00
Қазақстан шетелдіктерге Egov арқылы ЖСН алуға тыйым салды
Қ.БАЛАБИЕВ 12:45
Конституциялық реформа жарқын болашағына бетбұрыс
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2022, 14:20
Ұмыт қалған ұлттық тағамдар: дайындау әдісі
Кемел ЖАН 26.05.2022, 13:15
Жемқорлық туралы ақпарат бергендерге сыйақы бар
Сайт әкімшілігі 25.05.2022, 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47