Қызын мейрамханада ұзатқан шенеунік жұмыстан кетті

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

09.08.2021, 10:48

1650

Сенбі күні «Ариста» мейрамханасында қызына ұзату тойын жасаған жер қатынастар басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов қызметінен босатылды.

Аппараттық жиналыста облыс әкімі Жеңіс Қасымбек шенеуніктің карантиндік шектеуді елемей,  заң бұзғаны үшін қызметін әрі қарай жалғастыра алмайтынын мәлімдеді. 

«Тағы да ескертемін, мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметшінің қызметтік этикасының барлық нормалары бұзылған. Облыста короновирустық инфекцияға қарсы іс — қимыл бойынша жүргізіліп жатқан үлкен жұмысты құнсыздандырмаңыздар. Тұрғындардың көңілін қалдырмаңыздар. Мәртебелеріңіз немесе жұмыс орнына қарамастан әрекеттеріңізге жауап бересіздер» ,- деп мәлімдеді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. 

Шенеунік той өткізген күні "қаладағы қымбат мейрамхананы полиция арнайы күзетіп тұрды"  деп әлеуметтік желіде шу болған еді. Алайда ресми орындар сол күні мейрамханада 400 -ге жуық адам болғандықтан әрі сыртта көлік қарасы көп болған соң полиция құрамы шақыртылғанын мәлімдеді.Еске сала кетсек Қарағанды облысы "қара — қызыл" аймақта тұр. Күн сайын облыста короновирусты жұқтырған мыңға жуық жаңа дерек тіркелуде. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 06.06.2023, 16:45
Құс қорегіне айналған алқап
Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 06.06.2023, 13:46
Жұмыс, бизнес, жастарға арналған несие...
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 16:30
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 11:18
Халықтың демалуға ақшасы жоқ
М.СӘУЛЕБЕК 02.06.2023, 09:00
Қаскөйлер онлайн да опындырады
Бифат ЕЛТАЕВА 31.05.2023, 14:55
Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі

Аңдатпа


  • Данияр Базарқұлов, режиссер: Отанды сүю деген билікті сүю деген сөз емес
    09:00
  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15