01.07.2019, 19:36
174
Әлеуметтік желіде Теңіз кенішіндегі оқиғағасебепкер болған Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L.Offshore (CСЕР) компаниясының басшысы Кауаш Хишамның Қазақстан халқы алдында кешірімсұраған видеосы пайда болды. Видео Instagram желісінде жарияланды.
Жағдайды естисала Атырау облысына ұшып келген Кауаш Хишам Теңіз кенішіндегі жағдайды тыныштандыруғабарын салғанын айтады.
«Эли Даудтың істегені намысына тиген барлық елденкешірім сұрағым келеді. Басшылықтың және ССС қызметкерлерінің атынан бұләрекеттің саясатқа, ССС-тің принциптері мен құндылықтарына сай келмейтінінайтқым келеді… ССС қазақ бауырларға үлкен құрметпен қарайтынын қолымдыкеудеме қойып тұрып айтсам деймін», — дейді ол.
Ол сондай-ақ әлгіәрекетінен кейін Даудтың бірден жұмыстан шығарылғанын айтты. Оның сөзінше, бұданәрі де тоқтамай, компания ішінде тексерістер жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.
Компаниябасшысының сөзінше 29 маусым күні 40-тан аса адам жараланған кеніште қазіржағдай тұрақты.
Фото: neonomad.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР