Радикалды діни көзқарасты жақтаушылардың саны азайып келеді

15.06.2018, 07:42

9

Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні – қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер исламның қалыптасуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты. Қазақ халқы өз тарихында діни ағымдарға бөлінбеген және өзге дін өкілдеріне қатысты толеранттылықты ұстанған.Жамбыл – діні мен тілі, мәдениеті сақталған облыс. Халқының саны  1 млн 116,5 мың болса, оның ішінде ұлттық ерекшеліктері бойынша 86,71 пайызы мұсылман, 11,86 пайызы христиан халықтары, 1,43 пайызы басқа діндер мен атеистік және агностиктік көзқарасты ұстанушылар болып табылады. Облыс аумағындағы діни бірлестіктерде қызмет атқару үшін жеті шетелдік азамат миссионер ретінде тіркеуден өтіп, қызметтерін атқаруда. Миссионерлердің қызметі тұрақты бақылауда.Өткен жылы облыста ақпараттық түсіндіру бағытында 293 іс-шара өткізіліп, 16 500-ден астам адам қамтылса, қалалық және аудандық, сондай-ақ ауылдық жерлерде 2965 іс-шара ұйымдастырылып, 163 мыңнан астам адам қамтылыпты. Бірақ биылғы жылы саннан сапаға өту мақсатында ауылдық жерлерде түсіндіру қызметтері тоқтатылған. Өйткені ауылдық жерлерде дінтанушы, теолог мамандар жоқ. Енді жалпы аудиторияларда емес, мақсатты аудиторияларда жүргізу қолға алынуда. Атап айтқанда, деструктивті діни ағым жақтаушылары шоғырланған мешіттер, жұмыссыздар, мигранттар, өзін-өзі қамтамасыз етушілер мен кәсіпкерлер және жалдамалы жұмысшылар, шетелдік діни оқу орындарында оқитындар мен олардың жақындары, жастар мен жасөспірімдер қамтылуда. Жалпы алғанда, 2015 жылдан бері жүргізілген оңалту жұмыстарының нәтижесінде 495 азамат радикалды діни көзқарастарынан қайтарылды.Әлбетте, мемлекетімізге сауатты, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кез келген діни мәселені байыппен, байсалдылықпен шешуге тырысатын білімі мен білігі толысқан имам-молдалар қажет. Шетелдік діни оқу орындарында оқитын облыс тұрғындарының саны 2017 жылы – 40, 2018 жылдың басында 30 болса, бірінші жартыжылдықта 11 азамат оралып, 19 азаматқа дейін қысқарды. Алайда 19 азаматтың 8-і ғана дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан ұсынылған оқу орындарында оқып жатса, қалған 11 азамат күмәнді діни оқу орындарында білім алуда. Аталған 19 азаматтың 7-уі Қордай ауданының тұрғындары. Аталған азаматтарды елге қайтару және алдағы уақытта шетелге шығуға ниетті жастарды отандық діни оқу орнында білім алуға жағдай жасау мақсатында өткен жылдан бастап Қордай ауданы Масаншы ауылынан медресе ашу қолға алыныпты. Мешіттердегі кадр тапшылығы мен имамдардың біліктілік деңгейі мәселесіне келер болсақ, облыстағы 295 мешіттің жетеуінде имам жоқ. Жалпы алғанда, облыстағы имамдардың 13,6 пайызы жоғары білімді, 39,3 пайызы орта білімді, қалған 47,1 пайызы сауат ашу курстарын бітірген.– Мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарының әлеуеті кеңінен пайдаланылуда, – дейді Жамбыл облыстық дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров. – Биылғы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 22 276 мың теңге қаржыны құрайтын алты жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жамбыл облысын дамытудың 2016-20 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, дін саласы бойынша мақсатты индикатор – конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын халықтың үлесі болып табылады. Өткен жылдың жоспарлы көрсеткіші 79 пайыз болатын. Жыл соңында облыс тұрғындары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама мен фокус-топ әдісі арқылы алынған ғылыми-сарапшы қауым өкілдері пікірлерінің қорытындысына сәйкес, конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын халықтың үлесі 84,4 пайызды құрады.Сондай-ақ имамдарға жалақы төлеу мәселесін шешу де үлкен мәселеге айналып отыр. Өткен жылы облыстан айлық қажет ететін 61 имамның тізімі «Уақып» қайырымдылық қорына ұсынылған болатын. Бүгінгі күнге 20 имамға «Уақып» қайырымдылық қорынан 55 мың теңге көлемінде стипендия тағайындалды. Бұдан бөлек, 95 имам мешітке түсетін садақа есебінен айлық жалақы алады.Бүгінгі күні облыс бойынша деструктивті діни ағымдарға тартылған азаматтар саны  мыңға жуық. Әйтсе де радикалды діни көзқарасты жақтаушылардың саны жыл санап азайып келеді. Мысалы, 2016 жылы  1380 болса, 2018 жылдың бүгінгі күніне дейін 997-ге азайып отыр.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39