Райымбек ауданында "Nur Otan" партиясының штабы ашылды

Сайт әкімшілігі

13.12.2020, 12:29

319

«Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының ашылу рәсімінде сайлауалды үгіт-насихат жұмысының негізгі бағыт бағдарлары айқындалды.       

  Өткен аптаның қасиетті жұма күні Райымбек аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ашылуы болды. Жиынға «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнара Арипова, облыстық және аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидаттар, партияның сенім білдірген адамдары, штаб мүшелері «Jas Otan» жастар қанатының белсенді жастары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. 

    Райымбек аудандық штабының  ашылуына арналған жиында бүгінгі басқосудың маңыздылығын түсіндіру үшін  сөз алған «Nur Otan»  партиясы  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнара Арипова өз сөзінде:  

— 2021 жылғы 10 қаңтарға  Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалғаны белгілі. Осыған орай, ауданымызда «Nur Otan» партиясы  аудандық сайлауалды штабы  құрылды. Осы уақыттан бастап, штаб  сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін болады.   Бүгіннен бастап «Nur Otan» партиясының барлық мүшелері сайлауалды үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысады.  Елімізде ірі саяси күшке айналған «Nur Otan»  партиясы сайлауға қатысты дайындықты ағымдағы жылдың басынан бастап кеткен болатын.    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен өткен  «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпін» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы ұсынылып, партияның ядролық электоратын қалыптастыру үшін партияішілік сайлау праймеризді өткізу туралы тапсырма беруі және осыған орай, ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 4 қазан аралығында елімізде ірі саяси оқиға партияішілік сайлау —  праймериздің өткізілуі оның дәлелі. Праймериздің мақсаты – Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшылар анықтау болды.  Праймериз ережесіне сәйкес  партияішілік сайлауға біздің ауданнан 39 үміткер тіркеліп, 1 – 4 қазан аралығында өткен партияішілік сайлауда сайлаушылар оларға қатысты өз таңдауларын жасады. Сайлаушылардың берген дауысына орай үміткерлердің рейтингтік тізімі қалыптастырылып, олардың  24-і аудандық партия конференциясында партиялық тізімге еніп,  сайлауалды  үгіт насихат жұмыстарына белсене араласып, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда халық таңдауына ие болу үшін бар күш жігерін жұмсамақ. Біз расында да халықтың партиясы екендігімізді  дәлелдегіміз келеді. Райымбек аудандық сайлауалды штабы бұл жұмыстың көшбасшысы болып,  партияның халық таңдауына ие болуын қамтамасыз етеді деп сенемін,– деді.  

  Кезекті сөзді «Nur Otan» партиясы тізімімен Алматы облыстық мәслихат депутатығына кандидат Нұрбол Алиев алып, осы елдің азаматы ретінде көркем табиғаты келісті, өзіндік өрелі тарихы бар, кең пейілі мен ниеті, парасаттылығы мен жомарттығы жарасты, ерлігі мен дастаны мәнді, кешегісі мен болашағы айқын, еңсесі биік азаматтары мен Райымбектей батыр, Мұқағали, Бердібектей асыл ұлдары бар өзінің   кіндік қаны тамған қасиетті елі, жері үшін еңбек ететініндігін айта отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің нығайып – көркею жолында жан теріңді сығып, еңбек ет!»–деген сөзінің басты ұстанымы екендігін және қазіргі елде болып жатқан ірі саяси науқан «Nur Otan» партиясының мүдесі үшін күрес жүргізіп, халық сеніміне ие болуға барынша атсалысатынын айтты.

Биылғы сайлау өткен сайлауларға қарағанда өзгерек. Бүгінгі  партияластар міндеті осы сайлауда партияның бабы мен бағын баптап, халықтық партия екенін дәлелдейді. Райымбек аудандық сайлауалды штабы осы мақсаттарды жүзеге асыруға толығымен даяр екенідігін  хабарлады. Сөйлеушілердің ұсыныс-тілектері ескерілетіндігіне назар аударылатындығын айта отырып, сайлауалды штабының құрамы  таныстырылды.       

  Штаб құрамына бекітілген азаматтар мен азаматшалар қатарында: аудандық партия филиалының сайлауалды штабының жетекшісі «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арипова  Гүлнара Рауанқызы,  аудандық партия филиалының сайлауалды штабының орынбасары, партия белсендісі, партия ардагері Омарова Балжан Әбуқызы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының орынбасары «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық партия филиалының эксперт маманы Алғазы Дидар Ескермесұлы,  аудандық партия филиалының сайлауалды штабының мүшесі, партия белсендісі, партия ардагері Өміралиева Ажар Есенбайқызы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының мүшесі, Nur Otan» партиясы, Райымбек аудандық партия филиалының консультант маманы Әбенбай Ардақ Қайратұлы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының мүшесі Шәймерден Шыңғыс Шәймерденұлы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының мүшесі Гаухар Кеңесқызы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының мүшесі   Рақымберді Шұға Жамбылқызы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының мүшесі Тәжібаева Айнұр Мақсұтқызы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының мүшесі Айтақын Ақмарал Нұқақызы,  аудандық партия филиалының сайлауалды штабының мүшесі Асанғалиев Мәлік Бекболатұлы бар.      

    Штаб құрамы таныстырлғаннан кейін партия филиалының сайлауалды штабы мен қоғамдық қабылдау бөлмесінің дайындығы пысықталды. Онда штаб мүшелері өз пікірлерін білдіріп, әр кезде  «Nur Otan» партиясының халықтың  партиясы екенін құрметпен тілге тиек жасады.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.01.2021, 16:10
Ковид өршіп тұрғанда мектеп асханаларын ашу қаншалықты негізді?
Бифат ЕЛТАЕВА 15.01.2021, 09:03
Орыс мектептерінде қазақ тілінің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 14.01.2021, 13:10
Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 16:00
Президент мақаласынан кейін қазақ тілінде сөйлеу клубы ашылды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 12:00
Қытайда коронавирус қайта таралып жатыр
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 09:45
Ішкі істер министрлігі жолда абай болуды ескертті

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11