Райымбек ауданында қодас өсіру қолға алынды

Аида ҚОЖМАМБЕТОВА

22.06.2021, 11:15

1410

Қодас жабайы сиырдың бір түрі,   тері жамылғысы ерекше қалың болғандықтан тек суық жақта ғана өсетін, пайдасын тапса жүнін қырқып, сүті мен етін кәдеге асыруға болатын түлік. Арғы түбі тибеттік сиыр қазақтарға таңсық мал. Десе де соңғы уақытта өсіретіндер көбейіп келеді. Қуантарлығы қодастар қазақ жерін бірден жерсініп кетіп жатыр.

Райымбек ауданына қарасты Іле Алатауының бөктері, Текес пен Құтырған өзендерінің түйіскен жерінде Ақсу жәйлауында жергілікті  кәсіпкер Азат Саматұлы қодас өсіруді қолға алмақшы.  Әдемілігі Швецариядан кем түспейтін әсем жерде  сауықтыру шаралары қамтылған демалыс орындарын ұйымдастыру жолға қойылып,   демалыс бағдарламасына фитотерапия, иппотерапия кіреді екен.   

Сарыжаз ауылынан жоғары кететін таудың арасына жол салынып, 2018 ден бері әсем табиғатты тамашалаушылар легі  толастар емес. Алайда жабайы туризмнің зардабын бір кісідей түсінген кәсіпкер туризм бағытын әзірше рұқсат етілген аңшылық пен эко туризм бойынша дамытқысы келеді. Бүгінде аймаққа көлік қозғалысына шектеу қойылған, себебі сирек кездесетін өсімдіктер мен аңдарға тыныштық бермейтін браконьерерден қорғау оңай соқпасы анық…  

Табиғат ана қалай жаратты, солай қалғанын құп көріп отыр. Әсем табиғаттың тұрған жеріне қызыққан  Қытай, араб елдерінен инвестор болуға талаптанғандар көп болыпты, бірақ табиғаттың табиғи болмысына бір сызат түссе тоқтата алмай қалатындарын ескеріп табиғатты сақтау борышымыз деп отыр.  Бүгінде эко туризм бағыты бойыншы қазақ үйлер тігіліп, болашақта этно ауыл қалашығы бой көтермекші. Таудың қақ ортасындағы  бұл жердің табиғаты қаталдау, шіліңгір шілденің өзінде қоңыр салқын тартып, жиі жиі жаңбыр жауады. Бір қапталы тек тік жартас тастармен көмкерілсе екінші қапталы сыңсыған қарағай мен шыршалы алқап 20 мың гектарды алып жатыр. Қыс айында екі метрге жуық қар жауатын болғандықтан қатынас мүлдем тоқтап қалады. 

Қардың маусымы тым ерте қырқүйек айларында басталып кетеді сондықтан жылы жерге үйреніп қалған ірі қаралардан да қодас өсірген барлық жағынан  пайдалы болып тұр. Жалпы Қазақстандағы қодас өсіру бойынша екінші  шаруашылық бой көтеріп жатыр. Алғаш Арқа өңірінде Хакасядан 140 бас тибет сиырын  арнайы алдырған қарағандылық кәсіпкер Дидар Тоғызбаев болатын.

Іле Алатауының бөктеріне келмекші қодастар айыр қалпақты қырғыз елінің тумалары.  Төрт түлік малдан ерекшелігі суыққа төзімді, қысы жазы далада қонатын, екі метр жауған қарды аршын көкірегімен аршып жүре беретін, қардың астында қалған шөпті тұяғымен тарпып, өз күнін жабайы түрде өзі көре алатын қодастың пайдасы ұшан теңіз болайын деп тұр. Алайда субсидия шошқаға берілгенімен де кейбір төрт түлікке берілмейтін ескерсек Қазақстанда енді нарыққа еніп жатқан қодасқа субсидия  ойлау ертелеу.   Шаруашылықты қолға алған кәсіпкер Азат Саматұлы нөлден бастап өз қаражатымызбен көтеріліп келеміз дейді. 

Бүгін де қырғыздың шекарасына әкеліп қойған 50 шақты қодастың санын болашақта екі мың, үш мың басқа жеткіземіз деп қалды. Ондай болатын болса таудағы аю, қасқыр, жабайы шошқа, қоян сықылды аңдардың өрісі тарылып кету қауіпі қалай боларын болжай алмадық. Кезінде қой шаруашылығымен көтерілген қазақтардың етті қодас өсіруі болашақта ет нарығына өз әсерін, пайдасын тигізері сөзсіз.

Тегтер: ауыл шаруашылығы егістік пестицидтер қор қойма мал шаруашылығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15