Ресей деградацияға ұшырауда

Әділ АҚЫЛБАЙ

10.06.2021, 10:33

8284

Байқаған шығарсыз, кезіндегі өте мәдениетті Ресей қазір мәдени азғындап барады. Мемлекеттік телевизиясындағы жүргізушілер аузына келгенді көки беретін болды, YouTube-тегі ресейлік контентті қарасаңыз, боқтыққа толы. Жастар өліп тыңдайтын анау атақты әншісі Моргенштерннің айтатын әні түгел былапыт. Боқтықтан құралған бір әнін тіпті қазақтың Иманбегімен бірігіп жазып үлгерді.

Ресейде кең танылған Нұрлан Сабуров, өзін «Скриптонит» деп қойған Әділ Жәлелов сықылды жас жұлдыздардың шығармашылығы толған боқтық. Қысқасы, Ресей қоғамы мәдениеттен жұрдай болды.

Әлде диктаторлық жүйелер үшін мемлекет халқының тым мәдениетті болғаны зиян ба екен? Өйткені біздің YouTube-ті жаулап алған мемлекеттік Salem Social Media тобының қазақ жастарына арнап топырлатып түсіріп жатқан фильмдері мен скетчтерінің бәрі толған боқауыз, белден төмен тақырыптар төңірегіндегі сериалдар. Біз де оңып тұрған жоқпыз ол жағынан...

Күні кеше Ресейде өткен Муз-ТВ музыкалық премиясының музыкалық шоу емес, интернеттің кәкір-шүкірі жиналған далбаса, сорақы шараға айналып кеткенін жұрт жарыса жазуда.

– Ресей телевизиясы ғана емес, ресейдің театр әлемі де деградацияға ұшырады. Атақты МХАТ театрының сахнасына дарынсыз Ольга Бузованы шақырыпты, оған Сталиннің жастық шағы туралы «Чудесный грузин» спектакліндегі кабаре әншісі Белла Шантальдің рөлін беріпті. Бірнеше вокалды партия орындалатын бұл рөлді ойнау үшін актерлік шеберлік те, вокал өнері де қажет. Әлгі Бузоваңыз мұның екеуінен де жұрдай емес пе? Сөйтсе, МХАТ-тың Эдуард Бояков деген көркемдік жетекшісінің ойы мынау екен: Ольга Бузованың әлеуметтік желілерде 23 миллион жазылушысы бар, бұл театр мен қойылымның танымалдығын арттырады екен. Неткен қарабайырлық десеңізші!

Айтпақшы, Ресейдің мәдениеті ғана емес, ол елдің саяси және экономикалық әлемі де ауыр деградацияға ұшырады. Мәселен, Петербургтің халықаралық экономикалық форумына жастар атынан қатысатын бас ресми тұлға етіп Даня Милохин деген тик-токерді

тағайындапты. Әлі бесіктен белі шықпаған бұл дегенерат екі сөздің басын құрай алмайды, экономикалық форумда сөз сөйлемек түгіл… Ресей осындай күйге түсті, – дейді қазақстандық сарапшы Ибраш Нүсіпбаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58