02.07.2019, 21:54
73
«Сары-Шаған сынақ полигонында әуе-ғарыш күштері әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс әскерінің жауынгерлік есептобы ресейлік зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа зымыранын кезекті сынауды сәтті аяқтады. Әуе-ғарыш күштері әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс әскерінің қолбасшылық өкілі Павел Кузьминнің айтуынша шара барысында „ЗҚЖ жүйесінің жаңа зымыраны бірнеше рет сынақтан өткізілгеннен кейін сипаттамасында көрсетілген мәліметтерді растады және жүктелген міндетті сәтті орындаған“, — делінген ресми порталда.
Айта кетейік, Ресей Қазақстаннан Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылдан бастап жалға алған. Бұл биылғы жаздың басынан бері Ресей қорғаныс министрлігі өткізген ЗҚЖ жүйесінің екінші зымыран сынағы.
Фото: Минобороны РоссииҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР