Ресейлік фирма қарағандылықтардың айлығын бермей отыр   

01.02.2019, 04:33

16

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқарма басшысының мәліметінше 2018 жылда 1435 тексеріс жүргізіліп, еңбек қатынастар жағынан  868-інде заң бұзушылықтар анықталған. Оның 486-сына нұсқама қағаздары берілді. Соныман қатар, өткен жылы оқыс жағдайлардың орын алуы 16 пайызға өскен. Оны журналистермен кездескен басқарма жекешісі Қанатбек БАЛСАРИЕВ айтты.[caption id=«attachment_24018» align=«alignleft» width=«300»]Қ.БАЛСАРИЕВ[/caption]«2018 жылы оқыс жағдайлар саны артып отыр. 224 жағдай орын алса, 37-сі адам өлімімен аяқталған. Нақты себебін, оның қандай жағдайда қайтыс болғаны немесе зардап шеккенін арнайы құрылған комиссия тобы анықтайды. Жалпы, жұмыс орнындағы оқыс жағдайлардың 30 пайызында жұмыскерлердің өздері кінәлі болып жатады. Яғни керекті талаптар мен қауіпсіздік шараларының сақтамайды. 70 пайызы – жұмыс берушілердің тарапынан болады. Біріншіден техника ескіреді. Екіншіден, тастың құлауы болады.  Әр түрлі Ол материалдарды біз Ішкі істер органдарына жібереміз. Олар жағдай болған жерде қылмыстық іс жүргізеді», — дейді басшы.Жалақы мәселесіне қатысты, былтырғы жылы 243 млн көлемінде жұмыскерлерге төленбеген қарызды қызметкерлерге қайтартыпты. Сонымен өзге, осы бір айдың көлемінде 7,5 млн теңге қарыз да жұмысшылардың үлесіне беріліпті. Алайда, 2014 жылдан бері екі кәсіпорын қызметкерлері еңбек ақыларын ала алмай келеді.«Корпорация Автогрупп» бойынша 2014 жылдан бері тексеріс жүргізілді. Одан кейін жұмыс берушілердің атына сотқа берілді. 29 сот талабын сот орындалушыларына жібердік. Бұл фирманың бас кеңсесі Мәскеуде. Ал, филиалы Приозерск қаласында тіркелген. Енді осы қаланың әкімдігімен жұмыс істеп, сол мекемені Мәскеуде жапқызбау үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Және бұдан да басқа нұсқама беріліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деп тоқтаған Қанатбек Шарапбекұлы екінші кәсіпорынға қатысты еш нәрсе айтпады. Тек екі жұмыс беруші кәсіпорын қызметкерлеріне жиыны 51 млн теңге көлемінде қарыз екен.Облыста «латентті» (көзге көрінбейтін, жасырын) мәселелердің бар екенін жасырмаған басқарма басшысы алдағы уақытта кәсіпорындарда болатын қысқартулар мен жалақы проблемаларын жіті назарда ұстайтындарын да тілге тиек етті.Фотоларды автор ұсынды.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39