Ринат Зайытовты "ниеті дұрыс еместерден" Жүрсін ЕРМАН құтқарып алыпты

12.06.2019, 22:22

5

Ақын Жүрсін ЕРМАН соңғы күндері елде болып жатқан митингілерге   және Ринат Зайытовтың мәлімдесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы  Жас АЛАШ ақынның Facebook желісінде жарияланған видеоға сілтеме жасап хабарлайды.

«Елімізде президенттік сайлау науқаны аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы шығып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оның жеңісін мойындап, сайлаудың алты бірдей кандидаты қорытындысымен келісіп, құттықтады. Бірақ әлдебір қолайсыздықтар орын алып тұр. Алматыда 1-2 күн бұрын рұқсат етілмеген шеру болды. Оның бастамашысы біздің ақын Ринат Зайытов болды. Рұқсат етілмегеннен кейін басбұзарлықтар болар ма деп Ринатты қамауға алды. Алматы қаласының әкімдігінің көмегімен әйтеуір Ринатты түрмеден шығарып алдық», — дейді Жүрсін Ерман Facebook желісінде жариялаған видеосында.
 «Шеруге мыңдаған адам жиналған. Оларды қоршап тұрған қарулы күштер одан да көп. Солардың бәрі бірдей дұрыс ниетті адамдар емес. Біразы шынымен Ринатты қолдап жүрсе, біразы неге келгендерін білмейді. Бір адамдар тіпті ащы сумен қызып жүргенін де өз көзіммен көріп отырмын. Өркениетті елдерде халықтың тілегін жеткізудің өркени жолдары бар. Біз тәуелсіз ел болдық, бұл сайлаудың басты қорытындысы халқы өзінің еркіндігін білдіруге құқылы екенін танытты. Болашақ өзгерістің іргесі қаланды. Жиналғандардың арасында неше түрлі адам бар. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Біреудің басы жарылып, көзі шығып, жазым болып кетсе Ринат жауап беруге тиісті болады. Осының бізге қажеті бар ма?», — деген ақын шеруге шығудан нәтиже шықпайтынын айтып,  өз еліміздің тәуелсіздігін құрметтеуге және жұртты арандамауға шақырды. 
«Елдің іргесі берік, болашағы айқын, әйтеуір қанша қиыншылық болғанымен, өтеді ғой. Соған бәріміз бас көз болып, көмегімізді жасасақ, жарқын күндеріміз алда емес пе. Сондықтан мен ағайынды сабыр шақтауға шақырамын. Арандатуға ермейік. Бәріміз сабырлы болайық. Елдің болашағы үшін бірге болайық бәріміз», -деп ойын қорытты Жүрсін Ерман.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39