«Ринаттан тағы бір саяси әртіс жасауға асықпайық»

11.06.2019, 17:30

155

Диссидент журналист Жанболат МАМАЙ айтыскер РинатЗАЙЫТОВТЫҢ кешегі ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Жанболат Мамай facebook.comәлеуметтік желісіндегі өз парақшасында Қосановтың мысалынан сабақ алу керектігітуралы жазды. Ол оқырмандарын сөзі көп, әдемі ұрандарға сенбеуге шақырды.

«Қосановтың бүкілҚазақстанның үмітін таптап кетуі бір нәрсені бізге айқын аңғартуы тиіс. Жекелеген адамдарға,сөзі көп, әдемі ұрандар тастайтын кісілерге алдануға болмайды! 
Халықты сан соқтырғанына бір тәулік болмай жатып Қосановтыбір ай мақтап, соның шашбауын көтеріп, халықты "Қосановқа алданайық!"деген ақынға еріп кеткісі келетіндер бар. Тіпті «партия құрамын»дегенін ерлік көріп, «міне қазақтың құтқарушысы» деп аузының суықұрып отырғандар аз емес. Сонда Қосановтың мысалы ешкімге сабақ болмады ма? Ешкімнің маңдайына тиіп, бадырайып тұрғаншындықты көрмеді ме? 
Мен Ринат Зайытовтың қандай адам екенін білмеймін.Бірақ «партия құрамын, халықты бастаймын» деп тұрған адамның бірнешесағатта ұраны өзгеріп, ал келесі күні тіпті өзінің Youtube аккаунтындағывидеоларды жойып жібергеніне қарағанда табанының бүрі бар, мінезді тұлға депайту қиын. Одан кейінгі факт — ол республикалық телеарнада тұтас бағдарламаныжүргізетін шоумен. Мысалы, маған Фейсбук пен Youtube-та бір клубтың отырысынмодераторлық етуіме рұқсат бермей, полициядан ескерту беріп отыр. Ал шынхалықшыл, оппозициялық бағыттағы адамға республикалық телеарна эфирін бере ме?Ойланайықшы. Тағы бір клоунды, саяси әртісті өз қолымызбен жасауғаасықпайық! 
Меніңше, халықтың адамға, тұлғаға емес, идеяға,идеалға еретін уақыт болды. Ондай нәрсе — ӘДІЛЕТТІЛІК, ШЫНДЫҚ, ТАЗАЛЫҚ,КОРРУПЦИЯҒА ҚАРСЫЛЫҚ және МЕМЛЕКЕТШІЛДІК. Сонда адаспаймыз. Сонда алданбаймыз.Кім осы идеяларды биік тұғырға шын көтерсе, қазақтың лидері сол болсын!
», — деп жазды Жанболат Мамай.

Кеше айтыскер Ринат Зайытов сайлаудағы заңсыздықтардыжариялаймын деп ұсталған болатын. Артынша жүздеген адам Алматы қалалық полициядепартаментінің алдына жиналды. Олар айтыскерді бостандыққа шығаруды талапетті. 23-00 де ел алдына шыққан ақын көпшілікке «тараңыздар!» деп өтініш қылды.

Фото ғаламторданалынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 19:23
Өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31