Ришат Асқарбекұлы: "Жұрттың жанайқайын айтқан бір депутат көрсек, көзіміз шықсын"

Сайт әкімшілігі

23.01.2022, 15:19

3562

Қазақстанның шеткері бір ауылына сол аумақтан сайланған депутат халықпен кездесуге барыпты.

— Ал айтыңдар, қандай проблемаларың бар, депті депутат жиналған жұртқа.

— Бізде екі негізгі шешілмеген мәселе бар, оның біріншісі — даңғарадай аурухана тұр, бірақ емдейтін дәрігері жоқ, депті.

Халық қалаулысы топтан алыстап, сотовый телефонымен біреулермен сөйлесіп, қайта келіпті де:

— Тиісті адамдармен тілдестім. Дәрігер ертең келеді, ал екінші мәселеге көшейік десе:

— Басты қатырма, депутат! Біздің ауылда вообще связь жоқ, біздегі екінші проблема осы болатын деп, халық теріс айналып, қолдарын бір сілтепті.

Ал қалжыңсыз айтсақ, Алматыдан сайланған депутаттар қайда? Неге сайлаушылармен келіп кездесіп, осындай өліара шақта елмен бірге екендерін көрсетпейді. Дүрбелең күндері телевизордың бетін бермей қойып еді. Керек болса, автомат беріңдер атысамыз, деп едіреңдегендері болған арасында. Қайтадан тындыңдар ма?)

Морг жағалап жүргендермен, СИ-18 алдында сапырылысып жүрген жұрттың жанайқайын айтқан бір депутат көрсек, көзіміз шықсын. Мән-жайды анықтау үшін, желіде жазылып жатқан сұмдықтарды жеткізу үшін құзырлы органдарға запрос, үндеу жолдауға болатын шығар.

Фейсбуктегі парақшасынан

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01