Роналду қырғыз баласының қалын сұрап келді

17.01.2019, 16:53

395

Әлемге танымал футболшы Криштиану РОНАЛДУ Италияның Турин қаласындағы ауруханада емделіп жатқан қыздың көңілін сұрауға барды. Қырғызстан елінің тұрғыны онкологиялық дертке шалдыққан. Қазір науқастың жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы Kaktus.media Қырғызстан ұлттық онкология орталығының  балалар дәрігері Дамира БАЙЗАҚОВАҒА сілтеме жасап хабарлайды.«Бұл Юна есімді қырғызстандық қыз. Өкінішке қарай, ол сүйек саркомасына шалдыққан. Бүгінде емнің ең қиын кезеңдері артта қалды. Біздің орталықта жағдайы жақсарып, арнайы химиотерапияны қабылдады. Емін жалғастыру үшін Италияның Турин қаласына аттанды. Бұл жақтың мамандары қызға сәтті ота жасады. Осы ретте қауіпті дертке шалдыққан қырғызстандық балаларға демеушілік жасап жүрген Родни Седдонге рахметімді айтамын. Осы азамат Юнаның емін төлеп берген болатын. Сондай-ақ, дәрігерлер Раймонда Пиана, Никколо Роттеге алғысымызды білдіреміз. «Ювентус» футбол клубының ойыншылары ем қабылдап жатқан балаларымыздың көңілін сұрап келді. Юнаға атақты Криштиану Роналдо мен жұбайы келді. А Нұрпазыл есімді балаға итальялық полицейлер қонаққа келіп, түрлі сыйлықтар тарту етті. Қазір оның да жағдайы жақсарып келеді», — дейді Байзақова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.Фото: Kaktus.media
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 18:00
«Жасыл Қазақстан» экологиялық мәдениетімізді көтере ала ма?!
Жанна АХАТҚЫЗЫ 15:26
Әйел өз құқығын білуі керек
Досхан ЖЫЛҚЫБАЙ 13:13
ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ...
Нұрболат ӘЛДИБЕК 09:37
Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
Сайт әкімшілігі 07.06.2023, 17:40
Маңғыстау туризм орталығына айнала ма?!
Еркежан АРЫН 07.06.2023, 14:15
QR-код: тұтынушының құқын қорғай ала ма?

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00