27.11.2019, 12:03
150
Елордадағы «Әлжан ана» мешітінде садақа салуғаарналған «QIWI» электронды терминалы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.
Шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ, мешіт имамдарыжәне Бас мүфти Серікбай қажы ОРАЗ қатысты.
«Бұл игі бастаманы «ӘлжанАна« мешітінен бастап жатырмыз. Мемлекет тарапынан біз осындай ашықтықтыәрдайым қолдаймыз. Бұл жалпы Мұсылмандар діни басқармасының беделін арттыруда.Бұл ашықтық пен сенімділіктің белгісі», — деді министр Дәурен Абаев.
Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың айтуынша, еліміздің барлық мешіттеріндеосындай игі бастама көтеріліп отыр. Бұл қаржылық ашықтықты қалыптастыру мақсатындажәне қолма қол қаржыдан арылып, еліміздің мешіттерінде жаңа заманауитерминалдар орнату үшін жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, елорданың 12мешітінде садақа салатын «QIWI» электрондық терминалы орнатылды. Облысорталықтары мен республиканың барлық мешіттерінде аталған терминалдарды орнатужұмысы жүргізілуде.
Фото: ҚазАқпарат
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР