24.01.2022, 12:53
351
Мегаполис әкімі 22 қаңтар күні премьер-министр Әлихан Смайыловпен "үй жанындағы дүкендер" жайында сөйлескенін атап өтті.
«Біз келіп нұсқау бере аламыз, баға орнына келеді. Бірақ әкімдіктерге бағаны тұрақтандыру бойынша шешім қабылдауға болады. Бүгін біз сәбіз бен күнбағыс майына шекті баға қою туралы шешім дайындадық», — деді Алматы әкімі.
Алайда ереже бойынша, әлеуметтік маңызы бар өзге 19 азық-түлік өнімдері бағасының күрт өсуін әкімдік жедел тұрақтандыра алмай отыр. Себебі статистиканы зерттеп, тергеу жасауға уақыт керек. «Осы ретте премьер-министр бізді қолдап, ережеге өзгеріс енгізуге тапсырма берді», — деді Сағынтаев.
«Сондықтан сауда орындарына тағы да айтқым келеді: осындай қиын кезеңде шалқақтамаңыздар. Бізде мұның барлығын ретке келтіретін құралдар пайда болады. Барлық бағаларды белгілі бір уақытқа қатыру туралы шешім шығарамыз. Бұл нарыққа қарсы шара деп айыпталуы мүмкін. Бірақ нарық шарттарында, түрлі келісімдер мен бұзылыстар орын алса, біз қатаң жауап беруіміз керек», — деді Алматы әкімі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР