Сағынтаев Біртановтың жұмысын сынға алды

05.06.2018, 15:03

161

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев елді дүрліктірген менингококк инфекциясын ауыздықтау мәселесінде кемшіліктер бар екенін айтып, денсаулық сақтау министрі Елжан Біржановтың жұмысын сынға алды. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының Астанадағы тілшісі хабарлайды. — Бұл мәселе халықтың үлкен алаңдаушылығын туғызып отыр, — деді үкімет жетекшісі. — Сол себептен жай ғана айтып өткен аз. Түсіндірме жұмыстарын жандандыру қажет. Бұл мәселе әлеуметтік желілерде көп талқыға түсіп жатыр. Сіздер айтып отырған мәселе біріне жетсе, біріне жетіп жатқан жоқ. Штабтың жұмысы жария түрде жүруі керек. Облыста жүргізіліп жатқан жұмыстарды халыққа жеткізіп, әрбір болған жағдайды түсіндіру қажет. Бұл ауру түрі қай жылы көп болды, қай жылы кем болды? Сосын вакцина мәселесі… Кеше менің қабылдауыма үлкен кәсіпорынның басшысы келді. Сол «Жұмысшыларымның бәріне егу жұмысын жүргізейін бе? Маған ашып айтыңыздар. Өйткені жұмысшылардың арасында алаңдаушылық басталды» деп сұрап жатыр.Шынында бұл мәселені айтып, түсіндіріп жатқан ешкім жоқ. Вакцинаның бағасы өте қымбат. Бір облыста 40 мың, бір облыста 20 мың теңге тұрады. Осындай жағдайда министрлік пен әкімдіктер көмек көрсетіп, бағасын түсіру қажет еді. Паника жасамау керек. Тағы бір мәселе, облыстық аурухана мен қалалық аурухана бөлініп, науқастарды қабылдамайды. Мұндай мәселеледі оперативті түрде шешу қажет қой. Кеше сайттан оқыдым, Талғардан Қаскелеңге дейін екі сағат жол жүрген. Анасы «баламды үш сағаттың ішінде жоғалттым» деп отыр. Талғардан Қаскелеңге жеткенге дейін қай заман? Неге ол науқасты Алматы қаласына апарып жатқызбады? Осындай мәселелерді жедел түрде шешу үшін неге бұйрық шығармадыңыздар? Аурухана басшыларына тапсырма беру керек еді: «Осы диагнозбен келген науқастың бәрін қабылдау керек» деп… Елжан Амантайұлы, бұл жөнінен жұмысыңызда кемшіліктер бар. Бүгін осы жағдайға байланысты Алматы қаласы мен Алматы облысына іссапарға шығып бара жатырмын дейсіз. Жағдайдың бәрін өз көзіңізбен көріп, тиісті шараларды қабылдап қайтыңыз.Естеріңізде болса, алматылық Аида Ахметова менингококк инфекциясынан көз жұмған бес жастағы ұлы мен 19 жастағы келіні жайында айта келіп, «Мен ұлым ауырып жатқан үйге жедел жәрдем шақыртқанмын. Олар Табаксохозға жылдам келді, бірақ, қалаға апармаймыз, облыстағыларды Талғар ауруханасына жатқызу туралы бұйрық бар деді. Оларға қоңырау шала алмадық, инфекциялық ауруханалары бар ма білуге. Күтіп отыра алмадым, баланы алып, қалаға кеттім, сол жерде жедел жәрдем шақырдым… Осы уақытта анам келініміздің кеше ауырып қалғанын айтты. Бірден оған қоңырау шалдық — шамамен таңғы сағат 05.30-06.00-да. Ол өзін Талғардан Қаскелеңге жедел жәрдеммен алып кетіп бара жатқанын айтты. Қызуы қатты көтеріліпті. Телефонды фельдшерге беруді сұрадым. Сөйлесіп, жақын маңдағы инфекциялық ауруханаға жеткізуін сұрадым. Қаскелеңге дейін шыдамайтынын, ұлымнан бір сағатта айырылып қалғанымды айттым. «Үлгермейсіңдер, тағы бір адамнан айырлғымыз келмейді» дедім мен. Фельдшер бізді облыста тұратынымызды, ал ең жақын аурухана Қаскелеңде екенін айтты. Ойлаңызшы Талғардан Қаскелеңге, кемі екі сағат. Біз одан да айырылып қалдық, бір отбасынан екі адам...» деп ашынған болатын.

Фото: matritca.kz

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Аурухана лезде толып жатыр – Нұр-Сұлтан дәрігерлері үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15