Сағынтаев ірі көлік жолайрықтарының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Еркежан АРЫН

25.10.2021, 09:06

379

       Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде автожол жолайрықтары құрылысының қарқынымен және магистралды көшелерді ұзарту барысымен танысты.

       «Әуежай айналымында» төрт және алты жолақты қозғалысы бар үш деңгейлі жолайрығының құрылысы жүруде. Бүгінде Құлжа тракті бойындағы ұзындығы 784 метр болатын екі эстакаданың бірінің құрылысы аяқталуда. Қараша айында оның бойымен көлік қозғалысын ашу жоспарлануда.

Бұқтырма көшесі бойында 570 метрлік туннельдік өткел салынуда. Жер деңгейімен барлық оң жақты съездер, сондай-ақ «Алатау» шағынауданы бағыты бойынша жолға шығу қарастырылған. Жолайрық көлік ағындарының қиылысуын болдырмауға мүмкіндік береді.

      Құлжа тракті бойындағы жолайрығының көлік өткізу қабілеті 15 пайызға артады. Бұқтырма көшесі бойында – 30 пайызға. Түрксіб ауданы мен Алматы облысының қала маңындағы елді мекендеріндегі 350 мыңға жуық тұрғынының мобильділігі артады.

       Б.Сағынтаев сондай-ақ Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің бойындағы көпірден тұратын барлық бағыттағы жолайрығының құрылыс қарқынын бағалады. Эстакаданың ұзындығы – 186 метр. Жекелеген бүйірлі съездер бойынша қозғалыс ашық. Эстакада құрылысын кешіктірген соңғы екі учаске алынып тасталды. Соның арқасында құрылыс қарқыны артты. Нысанның дайындығы – 80 пайыз.

        Көлік айрығы Рысқұлов даңғылында көлік өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесіндегі өткізу қабілетін 40 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

       Бұдан өзге, Алматы әкімі Абай даңғылын үңгілеудің барысымен танысты. Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін ұзындығы 3,5 шақырым учаске құрылысы жүріп жатыр. Әр бағытта қозғалыс үшін үш жолақ, Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада, тротуарлар мен велосипед жолдарын салу қарастырылған.

Нысанның дайындығы шамамен 85 пайызды құрайды. Метрополитен желісінің үстіндегі 600 метрлік учаске аяқталғаннан кейін жыл соңына қарай жаңарған даңғыл бойынша көлік қозғалысын ашу жоспарлануда.

       Наурызбай ауданы «Таусамалы» шағынауданындағы Қонаев көшесін реконструкциялау аяқталуда. Ұзындығы 1,2 шақырымдық жолды 2-ден 4 жолаққа дейін кеңейтеді, мұнда тротуарлар, веложолдар мен арық желісі болады. Дайындық – 90 пайыз. Асфальттың жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүруде. Б.Сағынтаев жұмысты айдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Қараша айында абаттандыру үшін ағаш көшеттері отырғызылады.

Тегтер: жол құрылысы кептеліс мәселе әкімдік жергілікті әкімшілік қаражат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:43
Ақмола облысында ауыл тұрғыны көлікке оқ жаудырды
Әділ АҚЫЛБАЙ 09:13
Қазақтардың түсіне де кірмейтін заң
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 14:40
Мұғалімдердің жалақысы қысқара ма, БҒМ пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 12:35
Тоқаев: Финтех саласындағы аймақтық көшбасшы Kaspi.kz капитал нарығы динамикасын арттыруда
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 11:07
«Іле-Алатау» ұлттық табиғи паркінің басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды – заңгер
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 09:12
Коронавирус жұқтырғандардың саны 900 мыңнан асты

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14