Сайлаудағы «бәріне қарсы» халықпен қашан санасамыз?

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

24.11.2022, 17:01

1412

Тағы бір кезектен тыс Президент сайлауын аяқтадық. О бастан-ақ халықтың миллиардтар шашылатын сайлауға да, тіркелген кандидаттардың саяси салмағына да көңілі толмады. Осы бір көңіл толмаушылықтан халықтың жалпы жүйеге деген сенімсіздігі, қарсылығы анық байқалды. Сайлауда лайықты қарсыластар жоқ екенін, еліміздегі оппозицияны да түбірімен жойып, ел басқаратын лайықты қарсыластарға, әділ бәсекеге зар болып отырғанымыз туралы да бірнеше рет жаздық. Бүгінгі күні ол сайлау қорытындысынан да аңғарылып отыр. Шыны керек дәл осы кандидаттардың арасында кімнің бәсі артып тұрғаны сайлаусыз ақ белгілі еді. Тіпті қалғанының да сайлауға әшейін сән үшін қосылған «сәндидаттар» ретінде де шама шарқы белгілі болғандықтан, сайлау қорытындысынан анау айтқандай бір өзгеріс күте қоймағанымыз да рас.

Ойлағанымыздай болды да. Алдын ала жарияланған Exit poll-дың да, Орталық сайлау комиссиясының да нәтижесі бір-біріне қарайлас болып отыр. Назарымызды аударғаны Қасым-Жомарт Тоқаевтың нәтижесінен кейін екінші орында тұрған «бәріне қарсылықтың» көрсеткіші. Халықтың қарсылығы – Тоқаевтан кейінгі екінші орындағы көрсеткішті жинап, қалған бес кандидаттан да жоғары болып тұруы-ақ қарсыластардың лайық еместігінің көрсеткіші.

Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс президент сайлауы бойынша алдын ала нәтижесі бойынша сайлауға құқылы 11 953 465 адамның 8 300 046-сы дауыс берген көрінеді. Осы орайда атап өтер жайт халықтың басым бөлігі жұмыс орнының қуалауымен немесе жергілікті басқарушы орындардың күштеуімен дауыс бергендей. Үйдегі балаларымыздың сынып жетекшілеріне шейін сайлауға шақырып, шырылдап кеткеніне қарап, әдеттегідей бұл сайлаудың да салмағы мектептерге түсіп жатқанын аңғардық. «Ұстаздарды сайлау секілді науқандық шараларға жегуге тыйым салынады» деп қанша жерден айтсақ та, мұғалімдерсіз сайлау өтпейтінін, ұстаздар халықты сайлауға жұмылдыратын негізгі күштердің бірі екені аңғарылды. Сайлау күні редакциямызға хабарласқан Алматы қаласындағы ЖОО ұстаздарының бірі ортақ чатта әр мұғалім сайлауға қатысқаны жөнінде есеп беруге мәжбүрлеп жатқанын, ал өзі сайлауға сенбегендіктен қатысқысы келмей отырғанын жеткізді. Сайлауға қатысу міндетті емес екенін, дегенмен бәріне қарсы екенін бюллетень арқылы жеткізуге болатынын жеткіздік.  

Осы орайда еліміздегі басты мегаполис саналатын Алматы қаласының алдын ала көрсеткіш бойынша сайлауға қатысуы 28 пайызды көрсетуі, жалпы тұрғындардың енжарлығы жүйеге қарсылығын аңғартып отыр.

Сайлау қорытындысы шықпай жатып, кандидаттар Жигули Дайрабаев пен Салтанат Тұрсынбекова Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтап та үлгерді. Бәрі риза, бәрі өз нәтижесіне көңілі толатындай. Талас-тартыс, қарсылық та жоқ. Дұрыс қой бірақ бәріне қарсы халықтың пікірімен санасатын кім бар?! Онсыз да бесенеден белгілі нәтиже ғой, дегенмен бұл сайлаудан халықтың жүйеге қарсылығы бар екені, сайлауға көңілі толмайтыны статистикамен анық көрсетілуі басты ерекшелік болып отырғандай. Сондықтан алдағы уақытта билік халықтың осы көңіл толмаушылығымен санасса қанекей?!

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:27
Валюта алып өту тәртібі туралы
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:06
Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 17:17
Рудный тұрғындары жылусыз қалды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 16:12
Ертеңнен бастап жазғы доңғалақпен жүргендер жазаланады
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 15:07
Жұмыс берушілер көше сыпырушылардың ақысын жеп отыр
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 10:54
Екібастұздағы көппәтерлі үйге бүгін жылу беріледі – жедел штаб

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43