"Сайрагүл ісі" Қазақстан сотының әділетсіздігін көрсетті

03.06.2019, 19:10

123

Сайрагүл САУЫТБАЙДЫҢ Атамекенінен пана таппай Европа асыпкетуіне байланысты «Жас АЛАШ»тілшісінежазушы Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ пікір білдірді. Жазушының айтуынша, «Сайрагүл ісі» Қазақстансотының әділетсіздігін көрсетті.  

«Бұл енді ұят нәрсе. Бір адамның сотын осынша созыпкелуі, не босқындық дәреже бермей, не азаматтық дәреже бермей келуі — біздіңҚазақстан соттарының өте әлсіздігі және ұлттың қамын ойламай өздерінше шешіпжатқандығы. Қысқасы, біздің соттың әлсіздігі және әділетсіздігі. Мен өзімИмперияның шекарасын бұзып тұрып, 1962 жылы 200 мың қазақты Атамекенге бастапкелген адаммын. Ал енді, «босқын» деген ұғым дүниежүзінде бар нәрсе.Бізде бір әйел өткен екен. Ол да жетіскеннен келіп отырған жоқ қой. Күйеуі менбалаларына қосылғысы келеді. Ал, бұл қандай қылмыс? Қазақстан өзін-өзі әшкереқылып отыр. Бейшара екенін көрсетіп отыр. Мен президентке кірсем  осыны айтар едім. Мен осы пікірімнен танбаймын», деді жазушы Жұмаділов.

Еске салайық, Сайрагүл Сауытбайды 2018 жылы «шекаранызаңсыз бұзды» деген айыппен тергеу абақтысына қамалған еді. Қытайдан келгенэтникалық қазақ Қытайда қатаң жазаға ұшырауы мүмкін екенін айтқан. Қытай тарапыайыпталушыны қайтаруды талап еткен. Сотта Сайрагүл Қытайдағы саяси қысымнанзаңсыз шекара асқанын мәлімдеген. Панфилов аудандық соты С. Сауытбайдыдепортацияламай Қазақстанда қалдырған. Алайда, босқын мәртебесі берілмеді.Адвокат Айман ОМАРОВА facebook.comәлеуметтік желісінде Сайрагүл Сауытбайдың отбасымен Швецияға кетіп қалғанынжазды. Ресми Стокгольм Қытайдан қашқан отбасыны қабылдайтынын мәлімдепті.     

Фото: stan.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15