«Самал Де Люкс» компаниясы тұрғындармен тартысып жатыр

08.07.2019, 19:33

97

Алматы қаласында «Самал Де Люкс» тұрғын үй кешені компаниясы мен ондағы тұрғындар арасындағы дау шешімін табар емес.   
Тұрғындардың айтуынша,  бұл даудың  соттың қарауында жүргеніне тура 3 жыл болған.  Алғашында, тұрғындар тұрғын үй кешенін басқарушы компания жетекшілеріне шаң басқан ауланы, жаңбыр жауғанда су тамшылап тұратын құбырды жөндеу керектігін айтып бірнеше өтініш жасаған. Алайда, «Самал де Люкс» басшылығы оған құлақ аспапты. Қайта-қайта өтініш жасаудан шаршаған тұрғындар коммуналдық төлемді төлеуден бас тартқан. Ал, компания «сотқа береміз» деп қорқытыпты.  «Содан бері соттасып келеміз» дейді «Самал де Люкс» тұрғыны Сәуле СЕЙІТЖАППАРҚЫЗЫ.

«Бізден ақша жинайды. Бірақ, түк істемейді. Балалар ойнайтын алаңымыздың түрі мынау. Өзгеріссіз тұрғанына 7-8 жыл болды. Ал, автотұрағымыз жаңбыр жауғанда көл болады. Артынан, көгереді, одан жағымсыз иіс шығады.Бірдеме деп шағымдансақ бастықтар боқтайтын әдет тауып алды. Қыс кезінде тіпті қиын. Аулада қар тазаланбайды, баспалдақтағы мұздың кесірінен өзім де оңбай құлаған кезім болған. Жауапты компания «Осы  компанияға көңіліміз толады» деген мазмұндағы  сауалнама жүргізіпті. Ал одан біздің мүлде хабарымыз жоқ. Біздің атымыздан қол қойылған. Соттасып жатқанымызға қанша уақыт болса да әлі осы мәселені шеше алмай жатырмыз,» – дейді Сәуле Сейітжаппарқызы.



«Самал Де Люкс» тұрғын үй кешенінің ауласында өткен 2-шілдедегі көшпелі сот отырысына қатысып көрдік. Аулада өткен сотта тұрғын үй кешенін басқаратын компанияның жұмысына қатысты жүргізілген сауалнамаға тұрғындардың атынан өтірік қол қойылғаны, шын мәнінде тұрғындар компания жұмысына разы еместігі айтылды. «Самал де Люкс» бұл  сауалнаманы 2017 жылы жүргізген. Ал онда қолдары қойылған пәтер иелері бұл құжатпен таныспағанын, кейбірі тіпті сауалнама жүргізілген уақытта  Қазақстанда болмағандарын айтып шырылдады. 

«Жауапты компания 10 жыл ішінде бізге бірде бір есеп бермеген. Айына 40-50 мың төлейміз. Ақшамыз желге ұшып жатыр. Әрине, бұл жағдайға тұрғындар разы емес. Сыртымыздан жүргізген сауалнаманың өтірік екенін осы көшпелі сотта дәлелдеп бердік» дейді Арман МҰХАМБЕТОВ есімді тұрғын. 

Бірнеше сағатқа созылған көшпелі сот отырысында ешқандай шешім айтылмады. Ал 5-шілдеде Алматы қалалық сотында жалғасын тапқан сот отырысына судья «кедергі келтірмеңіз» деген  себепсіз желеумен «Жас Алаш» сайтының тілшісін қатыстырмай қойды.

 «Самал де Люкс» компаниясының өкілдерінен түсініктеме алуға қанша тырыссақ та оларды сот отырысынан, одан кейін де кезіктіру мүмкін болмады. Мүмкін 15-шілдеде өтетін келесі сот отырысында «Самал де Люкс» өкілдері бір ауыз сөз айтуға жарап қалатын шығар.



Фото автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 22.10.2021, 19:23
Қуатты өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31