Самар төрінде Абай рухы асқақтады

23.08.2019, 14:32

208

Бүгін  Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ туған күнін Шығыс өңірдегі Көкпекті ауданы ерекше қуанышпен қарсы алды. Осы ауданға қарасты Самар ауылында ұлы ақынның тұғырымен қоса алғанда биіктігі 7 метр болатын зәулім ескерткіші ашылды.  Даналығымен дараланған әлемдік ой алыбының алыстан көз тартатын еңселі ескерткішінің ашылу салтанатына абайтанушылар Асан ОМАР пен Жәлел ОМАР, ақын Айбек САПЫШЕВ, осы ауданның тумасы, физик ғалым Адамбек МӘСҒҰТҰЛЫ, дәстүрлі әнші Ерлан ТӨЛЕУТАЙ тағы да басқа құрметті қонақтар сөз алып, елеулі оқиғаның ерекшеліктерін атап өтті. Бұл бір жағынан өзге ұлт өкілдері басым тұратын ауданда қазақ кемеңгерінің мойындалғаны екендігін де атап өткен абзал. Тағайындалғанына бір жылдан енді асқан  Көкпекті ауданының әкімі Асхат СМАЙЛОВТЫҢ Самар төрінен ақын ескерткішінің асқақтауына мұрындық болуымен қатар халықаралық «Толағай» сұлтаны-2019» атты спорттық-шығармашылық сайысының өтуіне жол ашқаны ел ойынан шығып отыр.
«Бүгін бізде рух мерекесі. Өйткені, ортамызда Абай ескерткішінің тұруы бәрімізді қанаттандырады. Ұл-қыздарымыз Абай  айтқан адам болу өнерін меңгеретін уақыт келді деп ойлаймын. Жеріміз ұлан-байтақ, қазынаның бәрі бар. Бірақ, бізде бірнәрсе жетіспейді. Ол ұлтқа қызмет ететін,  ұрпақ болашағының қамын  ойлайтын азаматтардың аздығы. Толағайдай азаматтарға зәруміз.Абай «мал іздесең де, ғылым іздесең дебіреуге пайдаңды тигізем деп ізде»дейді. Біз қазір көбіне өз пайдасын көздеуге бейім тұрамыз. Дін дегенді біз қажылыққа бару, намаз оқу деп түсінеміз. Ал Абай түсінігінде дін ғылымды игеру. Ол ғылымды Алланың бір аты деп қарайды да білімді болуға шақырады»,-дейді Л. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, абайтанушы Омар Жәлел. 
Ал жақында ғана Абай шығармаларының хролоногиясын тереңірек зерттеп, ақын тойы қарсаңында ІІ томдық еңбек шығарған  Ассан Омардың ойынша Абай келген жерге ұлттық намыстың туы желбіреп тұрады. 
«Абайдың  кеуде мүсінін кез-келген аудан төрінен табуға болады. Ал, мұндай Абай ескерткіші  облыс аудандары ішінен алғаш рет ашылып отыр. Семейде Абайдың үлкен ескерткіші ашылуына кеңестік дәуірде Екейбай Қашағанов деген парасатты басшы себепкер болған. Ал, Көкпектіден ашылған бұл ескерткіш алдағы Абай тойының алғашқы тамаша бастамасы»,- дей келе Асан Қайырбекұлы аудан әкімі А. Сайдахметұлына ел-жұрт атынан ризашылығын білдірді.
Абай ауданы әкімдігі атынан  келген мәдениет бөлімінің басшысы Елдар  ОРАЗАЛИН әкім Жарқынбек БАЙСАБЫРОВТЫҢ әріптесіне құттықтауын жеткізе келе қос ақ боз ат бейнеленген картинаны  тарту етті.

Ақын  ескерткішінің  ашылу салтанатымен қатар орталық алаңдағы фонтан да іске қосылып, халықтың көңіл-күйін әуелете түсті.  Дәл осы күні Абай ескерткішімен және Абай оқуларымен шымылдығын ашқан Көкпекті өңірінде алдағы екі күнде «Толағай сұлтаны-2019» ұлттық ойындарының көркі қызып, елдің береке-бірлігін танытатын  шараларға ұласатын болады.  

 

Фото автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15