«Самұрық-Қазына» мен қаржылық мониторинг агенттігі меморандумға қол қойды.

Сайт әкімшілігі

26.04.2022, 09:00

861

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қаржылық мониторинг агенттігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Қор мен Агенттік арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар Қор мен оның портфельдік компаниялары қызметінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ Қор компаниялары жұмыс істейтін салалардағы экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ақпарат алмасуға ниетті.

Бұл мұнай-газ, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, көлік және телекоммуникация салаларын қамтиды. Меморандум сондай-ақ Агенттік пен Қор тобының ұйымдары арасындағы сатып алу саласындағы ынтымақтастықты қарастырады.

Меморандум шеңберінде Агенттік тарапы Қорға квазимемлекеттік сектордағы құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері жөнінде ақпарат беруге; анықталған зиян келтіру тәуекелдері туралы ақпаратты Қорға уақтылы жіберуге; Қорға экономикалық және қаржылық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуге; комплаенс, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару функцияларын күшейту үшін бірлесіп жұмыс істеуге ниетті.

Қор өз кезегінде қылмыспен күрес жөніндегі бастамалар мен іс-шараларға белсенді түрде қатысады; Қор тобында анықталған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтар туралы Агенттікке хабарлайды; Агенттіктен тиісті ақпарат алған жағдайда Қор тобына кіретін ұйымдарда тексерулер жүргізеді; Қазақстан Республикасының экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Меморандум ұзақ мерзімге жасалды және қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01