«Самұрық-Қазына» қорындағы вакцинациялау науқаны қалай жүріп жатыр?

Сайт әкімшілігі

16.09.2021, 16:00

646

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарасты компанияларда жұмыс істейтін 275 мыңға жуық адамның 74,5 пайызы коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін салдырды. Бұл туралы бүгін қордағы вакцинациялау науқаны мен коронавирусқа қарсы қабылданып жатқан шараларға арналған брифингте қордың корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры Мұхтар Манкеев мәлім етті.

       Оның айтуынша, осындай жоғары көрсеткіш арқылы қор Қазақстандағыкоронавирусқа қарсы вакцина алу деңгейіне зор үлес қосып отыр. «Қазіргі деректерге сүйенсек,  вакцинаның бірінші компонентін қор компанияларында еңбек ететін 203 853 қызметкер салғызды, бұл – барлық жұмысшылардың 74,5 пайызы. Ал 182 272 қызметкер, яғни барлық қызметкерлердің 66,6 пайызы коронавирусқа қарсы толық егілді», – деп хабарлады Манкеев.

         Осы орайда, Мұхтар Манкеев атап өткендей, қызметкерлерді егу ерікті түрде жүзеге асатын науқан. «Егілу тек ерікті түрде, заң жүзінде жұмысшы толық келісім берген соң жүзеге асады. Әрине, вакцина алу  әркімнің жеке таңдауы ғана емес екенін түсінуіміз керек. Өйткені вакцина алған адам, біріншіден, өзінің қауіпсіздігін; екіншіден, жақындарының қауіпсіздігін; үшіншіден, ұжымның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – дейді Мұхтар Манкеев.

Брифингте айтылғандай, «Самұрық-Қазына» қоры ең алдымен өндірістегі қызметкерлеріне вакцина салуға назар қойған. «Өздеріңіз білесіздер, коронавирус пандемиясынан кейін Қазақстан экономикасы қалпына келіп жатыр. Біздің қорға қарасты портфельді компаниялардың көбі әртүрлі саладағы өндірістерде жұмыс істейді, яғни ел экономикасына тікелей үлес қосады.  Сондықтан ең алдымен өндірістегі қызметкерлерді вакцинамен қамтамасыз еттік. Ол үшін мобильді егу нүктелерін аштық. Сонымен қатар қазір вокзалдарда егу пункттері мен пойыздарда егу нүктелері ашылды», – деп хабарлады Манкеев.

Бұл ретте «Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцина алу үшін ынталандыра да білген. Мәселен, қор басшылығынан бастап, #менекпеалдым және #вакцинацияланған челленджеріне қатысқан. Сондай-ақ жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосымша демалыс күндерін қосу, кезектен тыс ақылы демалыс күндерін беру, вакцина салғызған қызметкерлер арасында ұтыс ойындарын ұйымдастыру сияқты шаралар қолға алынған.

Айта кетейік, қордың ресми <a href=«www.sk.kz/» style=«font-family:»Times New Roman",serif; color:#0563c1; text-decoration:underline">сайтында

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында вакцина салғызған қызметкерлер санын көрсететін арнайы есеп кестесі жұмыс істейді.

«Қорыта айтсақ, қор өз ішінде ғана емес, Қазақстан бойынша да азаматтарға вакцина салдыру науқанына белсенді атсалысқанын айта кету керек. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында халыққа егу препараттарын қолжетімді ету үшін қор Біріккен Араб Әмірліктері шығарған Hayat-Vax вакцинасының 1 млн дозасын сатып алуға қаржы бөлгенін білесіздер. Оны биылғы мамыр айында «СК-Фармация» жеткізіп, денсаулық сақтау министрлігінің желісі бойынша өңірлерге тараттық», – деді Манкеев сөзін қорытындылай келе.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:15
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Сайт әкімшілігі 09:58
Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті
Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ 09:03
Ұлы даланың болашаққа жеті арманы
Бифат ЕЛТАЕВА 09:02
"Мен қазақ қыздарына қайран қалам"
Қуаныш ЕРМЕКОВА 16.10.2021, 15:38
Балаға қамқорлық - болашағымызға жасалған жақсылық
Нұрай РАХЫМ 16.10.2021, 14:34
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынан үміт көп

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29