Санаққа 2 миллионнан астам адам онлайн қатысты

Сайт әкімшілігі

13.09.2021, 14:05

769

Қазақстанда екі миллионнан астам адам санаққа онлайн қатысты, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

Бүгінгі статистика бойынша 2 041 876 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 1 756 002-сі sanaq.gov.kz сайтында, 203 672-сі Egov порталында тіркелген болса, 82 202 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысқан.

Екі аптаның қорытындысы бойынша Алматы облысы алда тұр. Онда 204 805 тұрғын санақтан өткені туралы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 194 697 адам Алматы қаласында тіркелген. Үздік үштікті 173 847 адаммен Қызылорда облысы түйіндеді. Ал әзірге соңғы екі орынды 46 191 және 35 542 адаммен Маңғыстау, Атырау облыстары еншілеп отыр. Жалпы жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Онда азаматтардың 21,1 пайызы сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823 052 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Павлодар облысы екінші орында. Онда тұрғындардың 17 пайызы санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 749 754 адам тіркелген).

"Ұлттық статистика бюросы азаматтарға белсенділігі үшін алғыс айтып, онлайн режимде санақтан өтуге шақырады. Sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы жұмыс істейді. Сұрақ болса, 1446 байланыс орталығына тегін хабарласуға болады", — деп хабарлады ведомстводан.

Онлайн санақтан өтпегендер үшін 1-30 қазан аралығында үйлерді аралап, санақ жүргізу басталады. Дәстүрлі кезеңнің басты жаңалығы санақ жүргізетін қызметкерлер электрон планшеттерді қолдануы болмақ.

Халық санағы 91 сұрақтан тұрады. Алайда, бұл барлық сұраққа жауап беру керек дегенді білдірмейді. Өйткені сауалнамаларда шетелге кеткен немесе елге келген адамдарға арналған сұрақтар бар. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің жай-күйі туралы сұрақтар бар, оларға тек иелері ғана жауап береді. Сонымен қатар, тек әйелдерге арналған сұрақтар да бар. Орташа алғанда, санақ сұрақтарына жауап беру үшін бар болғаны 20-25 минут қажет.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарлы БАЙҒАНИН 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27