S&P Global рейтингі: «Kaspi Bank» бойынша болжамды «Жағымды» деңгейіне көтерді

Сайт әкімшілігі

30.06.2021, 11:30

676

29 маусым күні S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Kaspi Bank» АҚ-тың рейтингтері бойынша болжамды «Жағымды» деңгейіне дейін көтерді.

S&P Global бірнеше маңызды факторларды айтып өтті:

  • Өткен жылы басқа қазақстандық және ресейлік банктерге қарағанда Kaspi-дің кредит шығындары айтарлықтай төмен болды.
  • COVID-19 пандемиясына қарамастан Kaspi-дің резервтерді (тәуекелдердің құны) қалыптастыруға бағытталған шығыны бесжылдық төменгі көрсеткіш 1.7%  деңгейіне түсті. Бұл бірінші кезекте несиелік шешімдерді қабылдау шараларының тиімділігіне байланысты.
  • Құрамына Kaspi Bank кіретін Kaspi.kz 2021 жылы төлем және электронды коммерция сегментінде айтарлықтай өсім көрсетуін жалғастыруда. Ай сайын белсенді клиенттердің саны 10 млн адамға жетіп отыр, ал орташа капиталға қайтару көрсеткіші рекордтық мәнге — 85%-ға жетті.

Kaspi.kz-тің басшысы Михаил Ломтадзе былай атап өтті:

«Рейтингтер бойынша болжамның жақсаруы – Қазақстанда жасалған бизнес-моделіміздің бірегей екенінің кезекті дәлелі. Кредиттік портфельдің жоғары сапасы бірінші кезекте кредиттік шешімдер қабылдаған кезде ең заманауи технологияларды пайдалануымызға байланысты. Kaspi қазақстандық банктермен салыстырғанда ғана емес, ресейлік банктермен салыстырғанда да өте жақсы көрсеткіштерді көрсетіп отыр, бұл командамызға бөлек мақтаныш факторы».

S&P Global сондай-ақ эмитенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін «BB — / B» деңгейінде және ұлттық шкала бойынша «kzA» рейтингін растады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15