10.03.2021, 13:59
526
Алматы қаласының "қызыл" аймаққа өту себебін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова түсіндірді.
Әсел Қалықованың айтуынша, коронавирус жұқтырғандар көрсеткішінің өсуіне қала тұрғындары арасындағы белсенді қарым-қатынас пен күн жылынғаннан кейінгі қозғалыстың көбеюі себеп болды.
«Наурызда көрсеткіштің өсу себептері — инфекция жұқтырған адамдардың қоғамдық көліктерде және қоғамдық жерлерде отбасы мүшелерімен араласуы, отбасылық іс-шараларды өткізу көбейіп, мектептерде 1-ден 5-ші сыныпқа дейін оқудың басталуына байланысты. Сондай-ақ, ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен адамдардың оқшаулану режимін жиі бұзуы себеп», — деді ол.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР