Санитарлық дәрігерлер кәсіпкерлерді «тұншықтырып» отыр

Мариям МАҚСАТ

23.02.2021, 13:45

965

Павлодар облысының билігі коронавируспен емес, шағын және орта бизнеспен күресіп жатқандай әсер қалдырады. Аймақта кәсібін дөңгелетіп отырғандар осылай дейді. Олардың айтуына қарағанда, тек Павлодар облысындағы санитарлық талаптар қалтасы бос қалған кәіпкерлерді одан сайын құрдымға жіберіп, банкроттыққа итермелеуде. Бұлай жалғаса берсе мыңдаған қызметкердің жұмыссыз тентіреп, далада қалуы әбден мүмкін.

Lanzhou мейрамханалар желісінің иесі Гүлбану Майғаринаның еліміздің әр өңірінде бірнеше мейрамханасы бар. Осы жылдың қаңтар айында ол бұл кәсіпті Павлодар қаласында  жалғастырды. Облыс орталығында қытайлық мейрамхана ашты. Бірақ бүгінгі күні мұндай қадамға барып, миллиондаған инвестиция салғанына өкініп отыр. Себебі жергілікті санитарлық дәрігерлер кәсіпкерді қос бүйірден қысып, тығырыққа тіреуден тайынбай келеді.  

— Соңғы бір айға жуық уақыт аралығында еліміздің өңірлерін аралап жүрмін. Облыстардың барлығы дерлік шағын және орта бизнесті қолдап, әкімдіктердің көмек көрсетіп жатқанын байқадым. Бірақ Павлодар облысында мұның «иісі» де сезілмейді. Керісінше, қыспаққа алудан алдарына жан салмайды. Бір айдың ішінде елдегі 25 мейрамхананы неше рет тексерсе, Павлодардағы қоғамдық тамақтану орнын сонша рет тексереді. Бұл не деген сұмдық? Биліктегілер мұның ар жағында қаншама отбасы, олардың бала-шағалары, төленуі тиіс несиелері бар екенін түсінбей ме? Тек қаулысын айтып, шектеуді ғана біледі,  –  деп ашынады ол.

    Қолда бар мәліметке сүйенсек, өткен жылдың наурыз айында аймақта 490 қоғамдық тамақтану орны болса, бүгінде олардың саны 149-ға дейін қысқарған. Карантиндік шектеулерге байланысты шағын және орта бизнестің өнімділігі 10 есеге, жұмыс уақыты – 35, жұмыс күндері 25 пайызға азайған. Нәтижесінде тауар айналымы 80 пайызға төмендеген.

— Біз қызметкерлердің, келушілердің денсаулығына алаңдаймыз, сондықтан санитарлық талаптарды сақтауға дайынбыз. Билік коронавирусқа қарсы болжамды айтып, бизнеске көмек көрсетуі тиіс. Біздің салық төлеушілер ретінде бұған толықтай құқығымыз бар. Салық төлеушілердің арқасында әкімдіктегілердің жалақы алып отырғанын еске салғым келеді. Ал кәсіпкерлікке кедергілер жасай берсе, салық та азаяды, – дейді мейрамхана иесі.

  Мұндай қиындықтар саудамен айналысатын кәсіпкерлерге де ауыртпалық салып отыр. «Арман» сауда үйінің директоры Марина Цепелова жалға алушылардың саудасы жүрмеген соң, сауда үйі де шығынға батып отырғанын айтты. Сондықтан павлодарлық кәсіпкер жалға алу ақысын төмендету әрі оны бюджет есебінен төлеу, банктерден алған несиелерді өтеу мерзімін кейінге шегеру мүмкіндіктері қарастырылуы тиіс деп санайды.

— Егер бюджетте ақша болмаса, тым құрығанда бизнеске өз мәселелерін өзі шешуге мұрша берсін. Ол үшін уақыт пен күндер бойынша шектеу қоюды тоқтатсын. Батыс елдері сияқты шағын және орта бизнесті шектеудің емес, коронавирус жағдайында кәсіп жүргізудің жолдарын көрсетуі керек. Бүкіл Қазақстан баяу болса да, толыққанды өмірге қайта оралып жатқан кезде Павлодар әлі бейқам отыр, – дейді Гүлбану Майғарина.

 Тағы бір кәсіпкер, екі мейрамхананың иесі Айдар Құрымбаевтың айтуынша, бір жылға жуық уақыт бойы банкет, басқа да мерекелік жиындар болмаса да, монополистер ай сайын коммуналдық төлемдерді сүлікше сорып отыр. Той өткізбеген мейрамханаларда қаржы қайдан болсын?! Сондықтан жарық пен судың ақысын уақтылы төлей алмай, жақын күндері орталық желілерден ажырап қалулары да ғажап емес.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мұның барлығын өңірдің бір ай бойы «қызыл аймақта» болуымен байланыстырды. Бизнестің қиындықтарға тап болғанына осы түсті аймаққа кіруіміз кінәлі екен-мыс. Соңғы бірнеше аптада қауіпті дертке шалдыққан павлодарлықтар саны азайып, сенбі күні облыс «қызыл аймақтан» соңғы болып шықты. Енді әкім айтқандай, бизнеске қатысты шектеулер жеңілдей ме, жоқ па – соны көрерміз. Әйтсе де кәсіпкерлердің айтуынша, шағын және орта бизнестің тең жартысы жарты жыл аралығында істі дөңгелетіп әкетуі екіталай. Себебі оларға мемлекет тарапынан дер кезінде көмек көрсетілген жоқ.

Тегтер: шағын және орта бизнес әкімдік қолдау жергілікті әкімдік. ауыл аудан

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?
Батыр ЖАСҰЛАН 22.09.2021, 12:00
Заң астарындағы «жасырынған жоба»
Сайт әкімшілігі 22.09.2021, 11:41
Михаил Ломтадзе мен Kaspi.kz Kazakhstan Growth Forum-да үш марапатқа ие болды
Сайт әкімшілігі 21.09.2021, 12:16
«Astana Media Week – 2021» биыл жаңашылдыққа толы болмақ
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39