04.02.2021, 21:46
933
Түркістан облысында сапалы ауыз сумен қамтылған елді мекендердің саны жыл санап көбейіп келеді. Мәселен Отырар ауданындағы 38 елдімекеннің 33-інде ауыз су құбыры тартылған. Яғни, аудандағы 50 мыңнан астам халқы сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Өткен жылы Көксарай елдімекеніндегі ауыз су жүйелері мен имаратының қайта құру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жер асты су қоры анықталған Бестам, Ызакөл, Жанкел елдімекендерін ауыз сумен қамту үшін құжаттар әзірленіп, ұсыныстар берілді. Ал, жер асты су қоры анықталмаған Ақкөл елдімекеннің жер асты су қорына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім берілген.
Сондай-ақ, Отырар ауданындағы автокөлік жолдар да күрделі жөндеуден өтіп, жаңаруда. Жалпы ұзындығы 800 шақырымнан асатын аудан жолдарының 27 шақырымы орта жөндеуден өткен. 2 шақырымға жуық ішкі автомобиль жолдарындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Нәтижесімен аудан көлеміндегі ішкі көшелердің жалпы
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР