Сапарбаев Ахметовтің алдын орап кетті

30.08.2018, 18:12

48

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ  күні кеше Астана төрінде Семей ядролық полигонының жабылғанына 27 жыл толуына орай өткен жиында облыс халқы атынан «Бейбітшілік қабырғасы» монументін тарту етіп, өңір әкімдерінің бәрін де шаң қаптырып кетті. Әсіресе, бұл Семей үшін жанын беруге даяр кейіпте жүретін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВ үшін үлкен «минус» деуге болады. Мұғалім, дәрігер, мемлекеттік қызметкерлер, қалада жүрген студент-жастардан он мыңдаған адамды құрап, Ертіс ортасындағы аралға апарып 29 тамызды «Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні» деп тану туралы ұсыныстар айтқызған Семей қаласының әкімі Ермак СӘЛІМОВТІҢ әрекеті де Сапарбаевтың монументі жанында жіп есе алмай қалды. Сәлімовте жазық жоқ, бар қолдан келгені осы уақытқа дейін ресми атауы әлі күнге анықталмаған аралды «Бейбітшілік» аралы деп заңды түрде атауды жүзеге асырды. Мұның өзі өткен жылдың қазан айында Семей қалалық мәслихатының кезекті сессиясында депуттар қолдауымен жоғарыға жіберілген ұсыныс болатын. Бір жылға таяғанда барып, аралдың көнеден келе жатқан «Түйемойнақ» атауы жойылып, «Бейбітшілік»  деген атаумен енді. Шындығында бұл аралдың түбінде осы атауға ие болатыны облысты Ахметовтің алдында басқарған Бердібек Сапарбаевтың кезінде естіле бастаған.Қайбір жылғы осы аралда өткен халықаралық жиында сол кездегі облыс әкімі Сапарбаев келешекте аралда «Бейбітшілік музейі» салынатынын да айтқан.Тіпті, музейдің салынатынына ешкімнің күмәні болмай, жергілікті архитекторлар оның әдемі эскизін жасап, Астанаға жөнелткен де болатын. Алайда, не кедергі болғанын қайдам, Назарбаевтың ядролық сынақ полигонын жапқанын үлгі етуді меңзейтін Бердібек Мәшбекұлының бастамасы жүзеге аспай қалды.Дегенмен, бұған жасыған Сапарбаев жоқ. Шығыс Қазақстан облысының қазіргі әкімі Даниал Ахметов өңірдің бірнеше аудандары көктемгі су тасқынынан ес жия алмай жатқанда Астананың 20 жылдығы құрметіне құны 970  млн теңге шамасында фонтан салып беріп, барлық әкімнен бірінші көрінді. Алайда, «Айтысты кім бастағаны емес, кімнің аяқтағаны елдің есінде қалады» дегендей, асықпай жүріп, Астана мерекесі өтіп кетсе, де одан да маңызды тарихи күнді өз кәдесіне жарата білген Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев Астана мерейтойымен және әлемнің 51 тілінде «Бейбітшілік» жазуы бедерленген монументті салып беріп, Назарбаевтың алдында ұпайын түгендеп, Ахметовтен айласын асырып кетті.Коллаж: zhasalash.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 12:14
Балам ақылды болсын десе, әр ана бесік жырын айтуы керек-дефектологтың кеңесі
Сайт әкімшілігі 11:11
Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
Сайт әкімшілігі 09:13
Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 01.12.2020, 18:22
Ерте некенің ертеңі күмәнді
Бифат ЕЛТАЕВА 01.12.2020, 18:18
"Қара жұма" атауы: бұл кімдердің тықпалап отырған идеясы?
Сайт әкімшілігі 01.12.2020, 10:45
Бір тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26