Сапарбаев бастаған жұмыс тобы Солтүстік Қазақстан облысына барды

22.11.2019, 20:26

6

ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевбастаған үкіметтік жұмыс тобы Солтүстік Қазақстан облысына барды. Оның құрамындаҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Білім жәнеғылым вице-министрі Шолпан Каринова, мәдениет және спорт министрі ЕлдосРамазанов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин бар.

Жұмыс сапары Қызылжар ауданындағы еңбек күші молөңірлерден қоныс аударушыларға арналған тұрғын үйлерді аралаудан басталды. Бұлүйлер  өнімді жұмыспен қамту және жаппайкәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынуда.Биыл Солтүстік Қазақстан облысына 688 отбасы қоныс аударды. Ондағы 2060 адамның1031-і жұмысқа қабілетті жаста, 935 – жеткіншек, 57 – студент, 37 – зейнеткер.Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары негізінде 2142 үйдіңқұрылысы қарастырылған. 428 үй биыл салынды.  

Бердібек Сапарбаев Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындатұрғызылған үйлерді аралап, қоныстанушылармен әңгімелесті.  Тұрғындар ауылының бір орында тұрмай дамып,көркейіп келе жатқандығын мақтанышпен айтты. Су, коммуникация мәселесінде ешқиындық жоқ. Тұрғындар үкімет басшысының орынбасарына тек балабақшаныңжітіспейтіндігін айтып, осы мәселеге қолғабыс жасауды өтінді.

Вице-премьер Бескөл ауылында да болды. Аудан әкімдігіндежұмыс тобының халықпен кездесуі ұйымдастырылды. ҚР Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы және аз қамтылғанотбасыларды қолдаудың жаңа тәсілдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бердібек Сапарбаев жұмыс тобының басты міндеті халықтыңөмір сүру сапасын бағалау және проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдесу депатап көрсетті. Әсіресе, білім және денсаулық сақтау сияқты маңызды әлеуметтіксалаларға ерекше тоқталды.

«12 жылдық білім беруге көшуге келетін болсақ, қазір арнайы топ жұмыс істеуде.Президент ең бастысы мектептердің, мұғалімдердің, оқулықтардың дайындығын шешіпбарып, асықпай орындауға тапсырма берген болатын. Ауылдық жерлерде мұғалімдердіңжетіспеушілігі болмаса, бұл салада басқа өзекті мәселе жоқ. «Дипломменауылға» бағдарламасы бойынша біз жергілікті атқарушы органдармен жұмыстыширатып,  мұғалімдерге тиісті жағдайдықамтамасыз етуіміз керек. Мектептерді зертханалармен, кабинеттермен жабдықтаубойынша жұмыстар қарқынды жалғасын табады», — деді вице-премьер.

Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев азаматтарды мемлекет беретінмүмкіндіктерді пайдалануға және мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақырды.

«Түрлі салада 14 мемлекеттік бағдарлама бар. Олар арқылы 500 мың теңгегетегін грант алу мүмкіндігі бар,  сондай-ақ жеңілдікпен микрокредит алуға да болады.Бірақ, өкінішке орай, көпшілік қолжетімді механизмдерді пайдаланбайды. Біреу білсе,біреу білмейді. Ең бастысы – адамның өз ісін ашуға деген ниеті. Біз бұлтетіктердің халық үшін жұмыс істеуін көздейміз. Тұрғындар бұл көмектердіпайдаланып, жұмыс істеп, ақша тауып,  отбасыларынасырай алуы үшін бағдарламаларды одан әрі жетілдіре түсеміз», –  деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Кездесу соңында жұмыс тобының мүшелері халықтыңсұрақтарына жауап берді.

Фотоларды автор ұсынды

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04