Сапарбаев сапары: Қарағанды жақсы сақтанып жатыр.

04.10.2019, 12:58

117

Жұма күні Қарағандыоблысына аялдаған премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бірқатармедициналық нысандарды аралап шықты.Сапарбаевқа ере келген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен облыстар,  астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерініңорынбасарлары дереу жиын өткізіп жіберіп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтыңмәртебесін өзектендіру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу шеңберінде сақтандыру аударымдарыныңуақтылы төленуін талқылаптастады.

 «Ең бастысы – халықтың мәртебесі. Біздежақсы тәжірибе бар, алайда кемшіліктерді де жасыруға болмайды. Жыл соңына дейінмәртебесі әлі анықталмаған барлық адамдарды қамту керек. Әрбір қазақстандық бұлжүйенің қалай жұмыс істейтінін, әсіресе ауылдық жерлерде медициналық көмектіқалай ала алатынын білуі тиіс. Төлемдердің уақтылы жасалатынына қатыстытоқталар болсақ, бұл мәселені де шешу қажет. Салық органдары салықты жәнеміндетті әлеуметтік төлемдерді, оның ішінде МӘМС төлеуді бақылауды және жұмыстыкүшейтуі тиіс. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС іске қосу бойынша тапсырмаларбар. Мерзімдер шегірілмейді.  Барлық өңірлер жыл соңына дейін дайын болуытиіс», –деп БердібекСапарбаев қатқылдаусөйледі.

Дегенмен, Б.Сапарбаев медициналықсақтандыру жүйесін енгізугедайындық жоғары деп біледі.  

Ал бұл жүйеніңкеректігін Б. Сапарбаевқа және жиналғандарға медицина саласының ардагерлерікеңінен түсіндіріп өтті.

Мәселен, АбайБайгенжин бүй деді:  «Әлемдегі бірде-бірмемлекет, тіпті ең бай мемлекет өз азаматтарының денсаулығы үшін қаржылықжауапкершілік ауыртпалығын көтере алмайды. Біздің санамызға кеңесзаманынан бері мемлекет медициналық қызметтерді төлеуге, қымбат оталарды тегінжүргізуге, дәрі-дәрмектерді тегін беруге тиіс деген пікір берік орнап қалған. МӘМСадамдарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Азаматтарөздерінің денсаулығына жауапты екенін түсінуі тиіс. МӘМС енгізу денсаулықсақтау саласын ресурстық қамтамасыз етуді айтарлықтай арттыруға, медициналықмекемелер мен қызметкерлердің экономикалық қызығушылығын арттыруға мүмкіндікбереді, денсаулық сақтауды барынша икемді және тиімді қаржыландыруға жол ашады».  Ардагердің бұлсөзін Б.Сапарбаев бас шұлғып «рас, рас» дегендей ишара білдіріп  тыңдады.  

Жиын соңында Б. Сапарбаевмедициналық сақтандыру жүйесін енгізу, халықтың мәртебесін өзектендіру жәнехалықты ақпараттандыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Б.Сапарбаевтың  Қарағанды облысына келіп, бұл тақырыптакеңінен сөйлеу себебі, осы өңір пилоттық режимде міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыруды енгізуді елден бұрын қолға алған. Яғни, 1 қыркүйектенбері  іске қосылды. Ал басқа өңірлерҚарағанды салған соқпақпен 2020 жылдың 1 қаңтарында жүре бастамақ. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Аурухана лезде толып жатыр – Нұр-Сұлтан дәрігерлері үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15