Сапарбаев сөз барымтасына бармапты

22.10.2019, 08:29

161

«ЖасАЛАШ»сайтында 2019 жылдың 15-ші қазан күні  «Сапарбаев та жиендік жасай ма?»деген материал шыққан болатын. Оған дейін Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫНЫҢ80 жылдық мерейтойына орай Ақтау қаласында өткен ақын-жазушылардың халықаралықконгресі өткені туралы ақпаратшыққан еді. Сондағы Бердібек МӘШБЕКҰЛЫ айтты деген сөзбелгілі ақын, аудармашы Оңайгүл ТҰРЖАННЫҢ «Пілге тән өріс, пілге тән жүріс керек»деген мақаласының бір бөлігі еді. Біз соған қатты қайранқалып, Сапарбаев сөзін сынға алғанбыз. Енді Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ баспасөзхатшысы Қанат ҚҰЛШЫМАНОВ ол ақпаратты терістейтін дәйекті редакциямызғажолдады.

«2019жылғы 15 қазанда Сіздердің сайттарыңызда «Сапарбаев та жиендік жасай ма?»мақаласы шыққан болатын. Онда вице-премьер Б.М. Сапарбаевтың қоғамдық жәнесаяси қайраткер Ә. Кекілбаевтың 80-жылдығына арналған конгрессте сөйлегенсөзінде Оңайгүл Тұржанның «Пілге тән өріс, пілге тән жүріс керек» мақаласындағыдәйексөзін қолданғаны айтылған. Бердібек Мәшбекұлы өзінің сөйлеген сөзіндеОңайгүл Тұржанның мақаласындағы дәйексөзді немесе ұсынысты қолданбағанынрастағым келеді. Ол кісінің сөйлеген сөзіндегі материалдарда олар тіпті болғанда жоқ.

Біздіңбілуімізше, Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникация қызметі осы іс-шарабойынша алдын-ала баспасөз мәлімдемесін әзірлеген, онда ешбір келісімсізтүсініксіз себептер бойынша өзге дайындалған мақаладан үзінділер қолданған. Осыбаспасөз-релизді кейбір ақпараттық сайттар қайта басып жариялаған. Барлық қатежарияланған материалдар алынып тасталынатын болады. Одан бөлек, БердібекСапарбаевтың көпшіліктің алдында сөйлеген сөздерінде ешуақытта қағазданоқымайтындығына және ойларын өз сөздерімен жеткізетініне назар аударғым келеді.

Осынырастау үшін вице-премьердің конгрессте сөйлеген сөзінің аудиобаспасын қосаберемін. Сіздер оны тыңдап, көз жеткізулеріңізге болады.

Осығанбайланысты, Сіздерден «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 19-бабынасәйкес алдында жарияланған ақпаратты теріске шығаруды сұраймын. Қолдаукөрсеткендеріңізге алғыс айтамын және өзара әріптестікке үміттенемін», —  дейді бізгежолдаған ресми хатында Қанат Құлшыманов.

Аталған ақпарат Inform.kz, ult.kzпорталдарынан алынып тасталған. Ал tengrinews.kz, mangystaumedia.kz,aikyn.kzсайттарында мәтін өзгертілген.

Фото: yandex.kz



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 12:27
Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама
Сайт әкімшілігі 11:19
ҚазҰУ-дағы жатақхана құрылысының анық-қанығы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:40
Бекшин мен Қиясовтың қаулысы елді індеттен құтқара ма?
Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58