Сапарбаев Жаңаөзендегі бірнеше әлеуметтік нысанды аралады

18.12.2019, 22:22

9

Вице-премьерБердібек Сапарбаев бастаған үкіметтің жұмыс тобы Жаңаөзен қаласындағы бірқатарәлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Алдымен, қаладағы өндірістік алаңныңжұмысымен танысты. 30 гектар аумақты алатын технопарктің негізгі міндеті өнімөндіру саласындағы жұмыс жасайтын кәсіпкерлерді бір жерге орналастыру. Осыуақытқа дейін алаңға ішкі және сыртқы инженерлік желілер тартылып, әкімшілікғимараты мен ангар салынып, бөлінген қаражат толығымен игерілген.

Қазіргі таңда,Жаңаөзен қаласы әкімдігі және «Атамекен кәсіпкерлер палатасы»арасында жұмыс тобы құрылып, «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнестіқолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында өндірістік алаңнанкәсіпкерлерге жер учаскелерін Өңірлік үйлестіру комиссиясы арқылы бөлужұмыстары талқылануда. Бүгінгі күнге дейін өндірістік алаңға орналасу бойынша37 кәсіпкерден ұсыныс түскен. Оның ішінде жиһаз өндіретін цех, тігіншеберханасы, қағаз, полиэтилен пакетін өндіру және т.б. бар. Мұнан соң жұмыстобы қаладағы медициналық орталықтың құрылысымен танысты.

Осыған дейін«Қазмұнайгаз Инжиниринг» ЖШС қарасты «ҚазНИПИмұнайгаз», «Өзенмұнайгаз» АҚ,Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің  қатысуымен арнайы комиссия отырысы өтіп, ондамедициналық орталық құрылысын жандандыру мақсатында атқарылатын шаралар легіталқыланған болатын. Орталық құрылысын кезең-кезеңімен жүргізу шараларына нақтымерзім бекітіліп, медициналық орталық құрылысын 2020 жылы пайдалануға берутуралы тапсырма берілді.

Сонымен қатар,кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына да барды. Онда «Атамекен» Ұлттықкәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қаласындағы филиалының, ондағы өзіне-өзіқызмет көрсету аймағының, қызметкерлерінің жұмыс барысымен танысты. Осығандейін Жаңаөзен қаласына ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының БасқармаТөрағасы Абылай Мырзахметовпен бірге жұмыс тобы келген болатын. Жұмыс тобы 2апта бойы Жаңаөзен қаласындағы кәсіпкер мамандармен кездесті. Арнайы Нұр-Сұлтанқаласынан келген мамандар жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандырып, қалалықкәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мамандарымен бірлесе отырыпкәсіпкерлік саласындағы мәселелерді, оның шешу жолдарын қарастырып,кәсіпкерлерге қызмет көрсетті.

Қазіргі таңдаЖаңаөзен қаласында 7 қазанда басталған «Кәсіп түбі-нәсіп» жобасы нәтижеліжүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге дейін жобаның жұмыс тобы 500-ге жуық адамғакеңес берді. Оның 15% қаржы қызметтері бойынша, 10%- маркетингтік, 10% құқықтықкеңес беру т.б.құрайды.

Жаңаөзен қаласындажұмыссыздықты болдырмау мақсатында кәсіпорындармен бірлесіп 5 оқу курсы ашылды.Оларда нарыққа қажетті тігін, автоэлектрик, робототехник, газэлектрдәнекерлеуші, кран жүргізушісі мамандары оқытылатын болады. Жоба аясында«Бастау бизнес» бойынша 140 адам оқытылды. «Баста»  алаңында табысты кәсіпкерлер 300-дей адамғакәсіп сырын үйретті. Микро қаржы ұйымының кеңесшілері 70 адамға кеңес беріп,нақты 4 адамның кәсіп ашуына несиеге құжат жинақтады. Мемлекеттік сатып алуларбойынша 50 кәсіпкерге арналған тренинг ұйымдастырылды.

Үкімет мүшелеріарнайы барған тағы бір нысан Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылында «Жақсы»спорт кешені. Аумағы 2000 шаршы метрді құрайтын кешен ауыл балаларының спортпеншұғылдануы мүмкіндік беріліп, әр түрлі спорт секциялары есігін айқара ашты.Спорт кешенінде қазіргі таңда бокс, еркін күрес, каратэ-до, дзюдо, шағын футболжәне ауыр атлетика сияқты басқа да түрлері қамтылған. Жастарды жаттықтыруға 25бапкер жұмысқа қабылданған.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34