Сапарбаев жұмыссыздық жөнінде: Жатудың уақыты өтті

06.01.2020, 11:21

178

Бердібек Сапарбаевжұмыссыз қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді. Ол бұл жөнінде Tengrinews.kzбасылымына берген сұхбатында айтты.

Премьер-министрорынбасарының сөзінше, шетелдіктер жұмыс істейтін кәсіпорындарды тексерубарысында көптеген заң бұзушылықтар анықталған. Көбінесе еңбек заңы менжалақыға қатысты талаптар бұзылған.

«Халықты толғандыратын мәселелерді біз Бас прокуратура,жергілікті және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып тексердік.Шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындардан көптеген заң бұзушылықтар анықталды.Қазір оларды жөнге салуда», — деді Сапарбаев.

Сапарбаевтыңайтуынша, 2018 жылдан бері үшінші және төртінші категориядағы шетелдікмамандарға берілетін квоталар қысқартылуда. Шетелдік компанияларға олардың орнынақазақстандық мамандарды дайындауға ұсыныс жасалған.

«2019 жылы 49 мың шетелдік азаматқа квота берілген. 2020жылы бұл көрсеткіш 29 мыңға дейін азаяды. Төртінші категорияны нөлге дейін,үшінші категорияны айтарлықтай қысқартамыз. Біз шетелдік компанияларға айтамыз,«егер сіздер 10 шетелдік маманды жұмысқа шақырсаңыздар, 3-5 жылда 10 қазақстандықтыдайындап, жұмысқа алыңыздар» деп. Еңбек талаптары мен жалақы мәселесіне келетінболсақ, олар тең болуы тиіс. Тамақ, киім, тұрмыстық жағдай, баспана балығыбірдей болуы керек. Қазір біз осы олқылықтардың орынын толтыруға жұмыс істепжатырмыз», — дейді премьер-министр орынбасары.

Бұдан бөлек,Бердібек Сапарбаев жұмыссыз жүрген қазақстандықтарға қатысты да пікір білдірді.Оның сөзінше, барлығы адамның өзіне байланысты. Жатудың уақыты өткен.

«2019 жылы Жаңаөзенде екі рет болдым. Оларды шақырасың,жұмыс ұсынасың, ешқайсысы келмейді, барлығы мұнайшы болғысы келеді. БүкілЖаңаөзенге бір ғана «Өзенмұнайгаз» компаниясы. Онда 9 мың адам жұмыс істейді. Алқалада 158 мың адам тұрады. Егер 80 мың теңге айлық ұсынды ма, содан баста.Жақсы жұмыс істесең ертең 100 мың аласың. Сол сияқты ары қарай кете береді.Барлығы адамның өзіне байланысты. Жұмыс істесең жалақы аласың. Жатудың уақытыөтті», — деді Сапарбаев.

Фото: СпутникҚазақстан.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39