Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?

Нұрболат ӘЛДИБЕК

25.01.2022, 17:36

3869

«Шал, кет!» деп ұрандаған шерушілердің үніне періште әумин десе керек, қаңтар қасіретінен соң, елдегі «нөмірі бірінші шал» тағынан тайып, «қатардағы зейнеткер» болып шыға келді. Ендігі кезек «шауқандарға» келді ме?

Иә, қаңтар қасіретінен соң, халық биліктен көп өзгеріс күткені белгілі. Бұл ретте, өңірдегі «жарты патшалар» – зейнеттегі облыс әкімдері де «желімдей жабысып» отыра бермей, орындарын мемлекетшіл, ұлтжанды, білікті жастарға босатып беруі тиіс емес пе? Бұл пікірді бұрын халық айтып келсе, жақында ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Әбілфас Хамедов айтты. Депутат Қазақстан халқы ассамблеясының дөңгелек үстел отырысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қызметінен босатуды ұсынды. Ә.Хамедов өткен жылдың желтоқсан айында екі әріптесімен бірге Жамбыл облысында жұмыс сапарымен болғанын, бірақ олар әкімді де, оның орынбасарларын да кездестіре алмағанын айтты. «Республикада халық бетпе-бет келген мәселелер көп. Жамбыл облысының әкімі зейнетке шығуы керек. Орнына жастар келсін, қоғамның мәселелерін шешсін», – деді депутат.

Қасіретті қаңтар оқиғасынан соң, халық қалаулысы екені есіне түсті ме, әлде өңірге келгенде, алдынан әкімнің өзі шығып, болмаса, орынбасарларының бірі күтіп алмағанына күйініші бар ма, әлде Әбілфасқа біреулер «фас» деп айтқызып отыр ма, ол жағы бізге белгісіз. Белгілісі, бұған дейін «әу» деп елді жалт қаратып көрмеген Хамедовтың ұсынысы қатты жаңғырып шықты.

Сәл шегініс жасасақ, мұның алдында Сапарбаевтан әріптестеріміздің бірі «Елдегі қуаңшылыққа байланысты қызметінен кеткен бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың отставкасын қолдайсыз ба?» деп сұраған болатын-ды. Сол кезде «Қолдаймыз, әрине. Ол ауыл шаруашылығы министрі болды, сол салаға жауап беретін. Министр жергілікті әкімдермен жұмысты ұйымдастыруы керек. Оның үстіне, биыл қуаңшылық болатыны белгілі еді, болжам болды», – деп жауап берген Бердібек Сапарбаев өзіне келгенде үнсіз отыр. Тек облыс әкімінің баспасөз қызметі «Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев депутаттарды физикалық тұрғыда қабылдап үлгермеді. Бұл күндері өңір басшысы Байзақ, Жамбыл аудандарында іс-сапармен жүрді. Сондықтан депутаттарды күте алмады. Оның үстіне, депутаттар облыс орталығында сол күні сағат 17:00-ден – 19:00 дейінгі аралықта ғана болғаны белгілі болып тұр. Қандай шешім шығарады, ол президенттің құзіретіне жатады», деп қысқа қайырды.

Әрине, депутаттарды күтіп алу әкімнің міндетіне жатпайды. Дейтұрғанмен, бар мәселе «күтіп жіберуде» емес қой.

Сонымен облыс әкімінің баспасөз қызметі жолдаған жауаптан ұққанымыз, Сапарбаев құрдасы президент Қасым-Жомарт Тоқаев «кет» демесе, депутаттың сөзіне жауап та бергісі жоқ. Ал мәжілісмен Ә.Хамедовтың ұсынысы қолдау табады ма, әлде айдалаға айқайлаған болып қала ма, оны енді уақыт көрсете жатар.

Тек «Қызымыз саған айтам, келінім сен тыңда!» демекші бұл қоңырауды шығыстағы шауқанның да құлағы шалар деп үміттенеміз.

Жамбыл облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56