Саптан қалмаңыз қария

07.05.2020, 12:31

56

Саптан қалмаңыз қария

 Ел басына күн туған кешегіқан кешуде бір ғана Қордай ауданы аумағынан 10 734 адам қолына қару алыпсоғысқа аттанса, олардың төрт мыңнан астамы майдан даласынан оралмаған еді. Алтуған табалдырығын қайтадан көруге жазған алты мыңдай жеңіс сарбаздарынан бүгіндебүкіл ауданда көзі тірі төртеуі ғана қалыпты. Жеңіс күнінен бергі жетпіс бес жылдыңзілмауыр салмағы, ұлы әмірші – уақыттың жазуы бұл. Жыл санап майдангерлеріқалмаған ауылдардың саны артып келе жатқаны жүрек шаншытар шындық. Мінесондықтан да соғыс атты сұмдықты көзімен көріп, отты жылдарда толарсақтан қанкешкен, сәт сайын ажалмен бетпе-бет келе жүріп, бізге жетпіс бес жылға ұласқанмамыражай бейбіт заманды тарту еткен қарт сарбаздарға қандай құрмет көрсетсекте артық емес.

  Кенендік Керімқұл Қосақов қария биыл тоқсанбес жасқа қарады. Бұл ұзақ ғұмырында оның басынан нелер ғана өтпеді десейші.Балалық шағы ұжымдастырудың аласапыранына тұс келіп, одан іле-шала алапат аштықнәубетіне килікті, сұрапыл соғыстың қақ ортасында жауға қарсы қару кезеніп,ажалмен бетпе-бет келген кездері қаншама?! 1944 жылдан жүрек тұсындағытөсқалтада тұмардай сақтап қасиет тұтқан коммунистік билетінің түкке алғысызболып, мәңгілік мызғымастай көрінген ССРО-ның құлағанын да көрді ақырында.Қайтсе де Керекеңнің шырғалаңға толы өмір жолының өнегелі беттері аз емес.

  Азын-аулақдәулеті бар әкесі Қосақ Кәрібозов орташа байлар санатына жатқызылып, 1929 жылытәркілеуге ілікті. Ол кезде Керімқұл небәрі төрт жаста болатын. Содан әкесінАқмола түрмесіне қамап, бір жылдан соң ақтап шығарғанымен, көп ұзамай аштықзобалаңы басталады. Тәркілеу кезінде малдарынан тігерге тұяқ қалмай айырылғанбұлардың отбасы қатты қиналады. Айналадағы елдің алды ішерге тамақ таппай,ісіп-кеуіп, басы ауған жаққа тентірей бастаған шақта Қосақ та әйелі мен баласынертіп қырғыз асады. Жат жерде бұларды күтіп тұрған қай бір жұмақ, бір жылдайәркімнің жұмысын істеумен шықпа жаным шықпалап жүріп елге қайтады. Әкесіколхозға «откочник» (бүгінгіше оралман) болып қабылданып, мал бағуға шығады.Біртіндеп тірліктері оңалып, ел қатарына қосылып келе жатқан еді. Бірақ,алдындағы абақтының азабы мен ашаршылықтың зардабы тәні мен жанын қатаржаралаған әкесі 1936 жылы бұл фәниден баз кешеді. Күлиша анасы он жасар баласыназамат қатарына жеткізгенге дейін күні-түні бітпейтін колхоз жұмысының қамытынмойнына іліп, арқа еті арша, борбай еті борша болып тер төкті. Сол кездегі ауылбалаларының көбі тәрізді Керімқұл да анасының ауыр мехнатын жеңілдетпекке беліқайыса жүріп шаруаның бір жағынан шығатын. Жетімдік оны ерте есейтті.                  

           1942 жылы желтоқсан айында он жеті жасқа толғанКерімқұл әскер қатарына шақырылады. Соғыстың қайнап тұрған кезі, Фрунзедегіжаяу әскерлер училищесінде қысқа мерзімді курстан өтер-өтпестен, емтихан датапсыртпастан бүкіл курс курсанттық сарыала погондарымен майданға жіберіледі.Бұл келер жылдың жаз ортасы болатын. Мұрты жаңа тебіндеген бірыңғай бозбаласарбаздар пойызбен Мәскеуге жетіп, іле-шала Можайск бағытында бір айдан асатактикалық жаттығулардан өтеді. Бастан-аяқ киініп, мұздай қаруланып кез-келгенсәтте алғы шепке жіберуге әзір резервтік құрамға енгізіледі. Жастық желікпенжүрегі алып-ұшып жау қайдалаған албырт шақ емес пе, қай-қайсысының да тезірекмайданға шығып, ел тыныштығын бұзған зұлым жауды жапыра жайпап, елге жеңіспеноралу ойында бар. Жеңістің тағдыры мына өздерінің майданға кіруіне қараптұрғандай көрінерін қайтерсің. Ақыры бұларға да кезек келді. 1942 жылдың қазанайында Керімқұл Қосақов екінші Украина майданында 5-армияның 68-бригада,8-мотомеханикалық корпусында пулеметшілер взводында көздеуші болып алғашқыұрысқа да кіреді. Алдымен Харьковке дейін пойызбен келіп, одан әрі түн қатыпжаяу жорықпен Днепрге жақындай түседі. Бұл әр тұста жаудың өзеннің шығысжағалауына қарай өршелене ұмтылып жатқан кезі еді. Бұлардың корпусына Кременчугқаласы тұсынан өзеннің арғы бетіндегі деревняларды немістерден босатуға бұйрықберіледі. Ол үшін  алдымен Днепрден  өту керек.                    

          – Соғыс деген қиямет-қайымды сол жолы алғашкөрдім, – деп еске алады қарт сарбаз. – Өзеннің батыс бетіне тас түйін бекініпалған жау бет қаратар емес. Күндіз жаңбырша жауған снарядтар мен оқтан өзенгемаңайлау да қиын. Біздің әскерлер бір ұрымтал тұстан өзеннің арғы бетіне дейінқайықтарды тіркестіре қойып өткел жасаған екен. Түн жамылып соның үстімен жеделжүгіріп өтуге бұйрық берілді. Взвод-взвод болып жан-дәрмен алға ұмтылдық. Әртұстан снарядтар түсіп, айналада суды аспанға шапшыта жарылып жатыр. Жазатайымоққа ұшып суға кеткендерді де көріп келемін. Арқамда станокті пулемет. Әйтеуірбір кезде өзеннің арғы бетіне жетіп жағалауға секіріп жатырмыз. Түскен жерімізқалың қорыс, белуардан батпақ екен. Бір-бірімізді сүйрелеп жағалауға шығып,қатарымыздың едәуір селдіреп қалғанын сонда көрдік. Жауға қарсы бір оқ атаалмай қыршынынан қиылған боздақтардың ажалы соғыстың біз ойлағандай оңай  шаруа еместігін  бірден-ақ көрсетті…

                  Иә, соғысу серуендеп қайту емес-ті. Балалықшағына тұс келген жоқшылық пен жетімдік ерте есейткен Керімқұл, енді соғысқакірген алғашқы сәттен мүлдем қартайып кеткендей сезінді өзін. Бала күніндетым-тым ұза-а-ақ көрінетін адам өмірінің, түкке тұрғысыз қас-қағым ғана сәтекенін жан-дүниесімен сезінді. Адамдарды жүздеп, мыңдап оққа байлаған қандықасапқа қалай қарғыс айтпасын. Өзі де бар-жоғы екі ай соғысқанда  сан мәрте ажал аузынан  қайтпады ма?..               

             Сол Днепрден арғы бетке өткен алғашқы күнібұлардың батальоны осының алдында ғана немістер қалдырып кеткен үлкен деревняғакеліп бекінеді. Мұндағы бір үй қойма ретінде пайдаланылған екен, азық-түлік,темекі, арақ-шарап дейсің бе, бәрі бар. Немістің қалбырланған ет, балығы,таңсық шұжығына дейін көздің жауын алады. Батпақ сорған суық пен неше күн нәртатпай аштықтан титықтаған сарбаздар ой бір кенелеміз бе дегенде «уланған» депкомандирлері оған жолатпады. Содан аз тынығып алып, таң сыз бере пулеметтерінарқалап келесі деревняға бет түзейді. Екі аралықта қалың өсіп, орылмай қалғанқара бидай алқабының шетіне келіп іліккенде алдан сап-сап болып келе жатқанқалың жау көрінеді. Немістердің алдында мотоциклді пулеметшілері келеді.Бейберекет бетпе-бет ұрыс басталады. Бұлар да пулеметтерін «сөйлетіп» қоябереді. Рота және взвод командирлері Керімқұлдан алда, таяқтастам жерде қатаржатқан еді, бір кезде сол араға бір снаряд дөп түсіп, екеуі бірдей опатболғанын өз көзімен көреді. «Адамның аяғы аяқ, қолы қол болып жан-жаққа ұшқанынсонда көрдім» дейді. Күші басым жау әл бермей бара жатқан соң шегінуге туракеледі. Бұлар бидай арасымен бұқпантайлап өтіп, жарқабақтың астымен орманғакіріп құтылады. Содан жинала келе қараса, бес жүз адамдық батальоннан елу шақтығана жауынгер тірі қалыпты.
Содан оларды толықтыруға жіберіп, көп ұзамай Александрия қаласы үшін алапатшайқасқа қатысады. Үш күндік теке-тірестен кейін қаланы жаудан тазартып, оныңарғы бетіндегі немістер бекінген темір жол стансасын алуға аттанады. Міне, солжорықта  Керімқұл ауыр жараланады.              

                – Желтоқсанның 26-сы кешқұрым болатын, тастүйін сайланып шабуылға дайын жатқанбыз, – дейді майдангер сол сәтті еске алып.– Бір кезде шабуылға бұйрық берілді. Бәріміз «уралап» алға ұмтылдық. Менорнымнан көтеріле бергенімде сол жамбасым тыз ете түсіп мұрттай ұшқаным.Жолдастарым алға озып кетті. Аяғымды сүйретіп айдалада мен қалдым. Алғашында етқызуымен білмеппін, бір кезде жанымды көзіме көрсете ауыра бастады. Төбемненоқтар зуылдап өтіп жатыр. Жақын маңға снарядтар келіп жарылады. Содан тырмысаеңбектеп бомба қазған бір шұңқырға аунап түстім. Жарақаттан аққан қан қонышыматолып, әп-сәтте мұзға айналып барады. Осылай қансырап, аязда қатып өлемін бедеген қорқыныш та қылаң береді. Бір кезде жақын жерден гүрс етіп жарылған дауысестілді, артынша айналаны қою түтін басып кетті. Өтіп бара жатқан танкігеснаряд тиіп өртенген екен. Әлгіден атып шыққан біреудің тура менің үстіме келіпқұлағаны. Біздің танкист, орыс жігіті екен. Қапелімде мені неміс деп атыпжібере жаздап, жараланып жатқан өз адамы екенін көрді де: «Танкіміз өртенді,жолдастарым қаза тапты. Ал сені санчасқа жеткізейін», – деп сүйрелеп алажөнелді. Қазір ойлаймын, есімін де сұрап үлгермеген сол жігіт болмағанда әлгі шұңқырдамәңгі қалатын ба едім деп…
                    Санчаста мұныңжарақатын жуып таңғаны болмаса, ота жасай алмайды екен. Санбатқа немесегоспитальға жеткізуге көлік жоқ. Жаралылар мұнсыз да көп, ал жарақаты болсаиістеніп, іріңдей бастаған. Бұл түрімен аяқтан айырылуы ғажап емес-ті.Кездейсоқ сәттілік, тағдырдың сыйы деген осы шығар, Керімқұлға жазмыш тағы даоң қабақ танытқаны. Қасындағы кереуетте ауыр жаралы полковник жатыр еді. Дондықказак. Медбикелердің өзара: «Бүгін мұны шағын самолетпен госпитальға алыпкетеді» дегендерін құлағы шалып қалған. Содан жатып кеп әлгіге жалынсын:«Сіздің бригаданың жауынгері едім, мені де ала кетіңіз» деп. Сол кезде ештемедемегенімен, өзін әкетуге самолет келгенде полковник мұны да мінгізудібұйырады. Сөйтіп, «кукурузник» аталатын шағын ұшақ жан-жақтан үзбей атқылапжатқан оқ пен өрттің арасынан аман өтіп, жақын маңдағы бір темір жол стансасынабарып қонады. Одан әрі Керімқұл пойызбен Барнаул қаласынан бір-ақ шығады.Тылдағы госпитальда жамбасқа қадалған оқты алып, екі ай емдеп, таяққа сүйеніпжүре алатын болғанда, қасына медбике қосып беріп, екінші дәрежелі мүгедектікпенелге қайтарады. Бұл 1944 жылдың ақпан айы болатын.
І дәрежелі Отан соғысы ордені мен көптеген жауынгерлік медальдардың иегері,тоқсан бестегі  қария тағдырына риза. Бірбасына төнген қаншама кесепат, қияметтерден аман келеді. Шүкір, өсіп-өнді,тамырын тереңге жайды, бүгінде қырықтан аса немере, шөбере, шөпшектің атасы.Оның соғыстан кейінгі өмірінің өзі бір кітапқа өзек боларлық. Барнаулгоспиталындағы екі айда қарап жатпай, сол жерде ұйымдастырылған «Колхоздар менМТС бухгалтері» курсында оқығаны кәдеге асып, біраз уақыт ауылда есепші,бригадир болды. Елуінші жылдары ҚазПИ-дің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінсырттай оқып бітіріп, біржолата ұстаздыққа ден қояды. Бұл жолда ол қатардағымұғалімнен оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директорына дейінгі сатылардан өтіп,құрметті еңбек демалысына шықты. Ал қандай ұстаз болғанына 1985 жылы «Халықағарту ісінің озық қызметкері» атанып, одақтық министрліктен бастап, облыстық,аудандық дәрежедегі мадақтамалардың, мерейтойлық медальдардың сан түріниеленгені дәлел. Жерлестері берген ауданның Құрметті азаматы атағы және бар.   Шүкір,  ұл-қыздарынан тараған ұрпағы бір қауым елгеайналып келеді. Мерекелі күндері мұның қара шаңырағын жан-жақтан жиналғанбала-шағасы думанға айналдырып жатады.
                 1988 жылы Жеңіс мейрамында арнайы шақыртуменУкраинадағы өздері жаудан азат еткен Александрия қаласына да барып қайтты.  Өздері соғысқан жерлерді аралатып, мектептердекездесулер ұйымдастырып, сый-құрметтерін аямай қолына алтын сағат, омырауынажауынгерлік Қызыл Туды, Кутузов орденді 8-Александриялық механикаландырылғанкорпустың майдангерлеріне арнайы шығарылған естелік медалін  тағып шығарып салған еді.  Одан кейін 1990 жылы Ұлы Жеңістің 45 жылдығымерекесінде Мәскеудегі ардагерлер парадына қатысты. 1994 және 2004 жылдарыУкраинаның неміс фашист басқыншыларынан азат етілуінің 50 және 60 жылдығынаарналған мерекелік медальдармен марапатталды. 2010 жылы 9 мамырда облыстанбарған тоғыз майдангердің қатарында Астанадағы әскери парадқа қатысты.   Жүріс-тұрысы ширақ, сөз саптауы орнықты  майдангер әлі де сапта. Саптан қалмаңыз,қадірменді қарт сарбаз!

Құрманбек Әлімжан,

Қазақстан Журналистер одағының  мүшесі.
 

Қордай ауданы.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Сайт әкімшілігі 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады
Сайт әкімшілігі 09:24
Бір тәулікте 720 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42