Сарапшылар депутаттардың рейтингіне қатысты пікір білдірді

Сайт әкімшілігі

10.06.2021, 12:34

744

Белгілі саяси сарапшылар Расул Жұмалы және Меруерт Тулебаева «Nur Otan» партиясының депутаттық корпусты кешенді бағалаудың бірыңғай жүйесін енгізу туралы бастамасына қатысты өз ойларымен бөлісті. Расул Жұмалының пікірінше, депутаттардың жұмысын күнделікті бақылауға қатысты еліміздегі тәжірибе көңіл көншітпейді. Нәтижесінде қоғамда депутат болғандар 4 жыл бойы емін-еркін отырады деген түсінік басым. Депутаттың артылған үлкен жауапкершілікке лайық екендігін қоғамның өзі анықтап отырғаны абзал. 

«Осы ретте «Nur Otan» партиясы депутаттардың рейтингісін енгізгені талайдан бері айтылып келе жатқан ойдың іс жүзінде көрініс тапқаны. Әрине, бұл қаншалықты әділ бағалау болатынын уақыт көрсете жатар. Бірақ рейтингтің ашық әрі тексеруге болатын нақты 15 критериден тұратыны оның шынайылығын арттырары сөзсіз. Екіншіден, депутат тек партия басшылығы емес, елдің алдында жауап береді. Яғни бұрынғыдай қабылдауын иә жазған хатқа жауабын күтіп отырмай жаңа жүйе оның не істеп не тындырғанын тікелей бақылауға мүмкіндік береді. Үшіншіден және бастысы – халық қалаулысы аталады екен осы лауазым иелері сол халықтың алдында есеп береді», -деген Расул Жұмалы депутаттық – жоғары мансапта шалқып отыру емес, қажырлы да адал еңбек пен ел сенімін ақтауды меңзеу екенін айтты. 

Өз кезегінде, саясаттанушы Меруерт Тулебаева «Nur Otan»-ның депутаттық корпусты кешенді бағалаудың бірыңғай жүйесін енгізуін жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуде жауапкершілік осы партияның мүшелері қатарынан сайланған депутаттарға жүктелетіндігімен байланыстырды.

«Ұсынылып отырған «Депутаттар қызметінің рейтингін қалыптастыру» ел азаматтарының депутаттық өкілеттіктерін белсендірек әрі неғұрлым жоғары кәсіби деңгейде атқаруға, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Жарғысында, Доктринасында және Сайлауалды бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен міндеттерді орындауға көмектесуі тиіс деп ойлаймын», — деді ол. 

Еске сала кетейік, күні кеше «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның Саяси кеңесі Бюросының биылғы 2 маусымдағы қаулысымен Депутаттар қызметінің рейтингін қалыптастыру ережесі бекітілгенін мәлімдеген еді. Ереже үш блокқа біріктірілген 15 критерийді қамтиды: қоғамдық-саяси қызмет, медиа белсенділік, сондай-ақ партиялық жауапкершілік. Бауыржан Байбектің айтуынша, заманауи рейтингтік технологияларды енгізу депутаттардың жол карталарын іске асыруға жеке жауапкершілігін арттырып, нұротандықтарды халықпен жүйелі және нәтижелі жұмыс істеуге бағыттайды. Сонымен қатар 1 қыркүйектен бастап азаматтар үшін жергілікті жерлердегі депутаттардың қызметі, бастамалары мен сауалдары туралы ақпаратқа ашық қолжетімді болатын және «Nur Otan»-нан сайланған халық қалаулыларына өзекті мәселелер бойынша тікелей жүгіну мүмкіндігі қамтылған арнайы интернет-платформа іске қосылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02