SARS-CoV-2: Қытай нені жасырып отыр?

Еркежан АРЫН

08.01.2021, 10:51

1861

Ухандағы базарда SARS-CoV-2-нің адамдарға жануарлардан берілген деген нұсқасы кең таралған. Алайда адамға алғашқы инфекция жұқтырған нақты бір жер туралы біржақты ақпарат жоқ. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ұқсас белгілері бар аурулар АҚШ-та 2019 жылы тіркелген.

Сонымен қатар, вирустың зертханада жасалғанын алға тартатын сарапшылар да бар. Жасанды шығу гипотезасын қолдаушылардың қатарында медицина саласындағы Нобель сыйлығын алған Люк Монтанье және биологиялық қару-жарақ жөніндегі сарапшы Игорь Викторович Никулин бар.

Бұған дейін БАҚ Қытай билігі жаңа коронавирустық инфекцияның шығу тегі туралы барлық зерттеулердің жариялануын өз бақылауында ұстап отырғаны туралы хабарлаған. ҚХР үкіметі осы зерттеулердің барлық нәтижелерін жариялауды шектей отырып, COVID-19-тің пайда болуын зерттеуге үлкен ақша бөледі-мыс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адан Гебресиус Қытай билігі коронавирустың шығу тегін білу үшін елге баруды жоспарлаған ДДСҰ сарапшыларына қажетті рұқсаттарды әлі берген жоқ деп мәлімдеді. Гебрейесустың айтуынша, ол бұл жағдайдан «өте көңілі қалды», оның үстіне эксперттік топтың екі мүшесі жолға шығып кетсе, қалғандары сапарды кейінге қалдырған көрінеді.

Осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы делегациясының Қытайға сапары қаңтардың басында жоспарланған болатын. ҚХР билігінің бұл сапарды мақұлдағаны да жарияланған болатын.

Сарапшылар тобына Германия мен Ұлыбританияны қоса алғанда бірнеше Еуропа елдерінің өкілдері, американдық және жапондық мамандар, сондай-ақ Пастер атындағы Санкт-Петербург ғылыми-эпидемиология және микробиология институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Владимир Дедков кірді.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58