Сары әулие: Шипагерлік миссия уақытқа тәуелді емес

22.04.2020, 13:09

7


     Қай салада да өз ортасынансуырылып шыққан дара дарын үшін ең үлкен бақыт ресми атақ-дәрежеден гөріел-жұрттың махаббаты екені сөзсіз. Өткен ғасырдың қайта құру жылдары елімізде емдеу-сауықтырууағыздарын өткізіп, бұқараның ыстық ықыласына бөленген сондай жанның бірі МаратЕсенбаев еді. Өткенге көз жүгіртсек, Қазақстанда ғана емес, дүниежүзінің 16 мемлекетіндеемдеу-сауықтыру уағыздарын жүргізген Марат қажының шипагерлік миссиясына бүгінде30 жылдан асыпты. Алайда 90-жылдары қоғамдық формацияның ауысар тұсында абдырапқалған халыққа оның уағыз-насихаты өзгеше рухани серпіліс әкелгенін аға ұрпақұмытпағанымен, қазіргі жастар одан бейхабар. Оны бүгінгі ұрпақ ғаламтордағы оныңотбасына қатысты мақалалар мен телеарналардағы ток-шоулардан ғана таниды. Соданда болар, соңғы уақытта ол туралы түрлі қауесеттер легі «отқа май құйғандай»,оған күмәнмен қарайтындардың делебесін одан ары қоздыра түскен. Сонымен, бүгіндеМарат қажының уағызын тыңдамақ түгіл, оның жүзін бірде-бір рет көрмеген кейбір қазақтыңқыз-жігіттерінің әр жерде айтатын «ол ешқандай емші де, уағызшы да емес,кәдімгі алаяқ» деген екіұшты пікірлерін немен түсіндіруге болады? Шынында да,ол бүгін қайда жүр? Неге бұрынғыдай емдеу-сауықтыру уағыздарын өткізбейді? Меніңде Марат Есенбаевты сұхбатқа шақыруыма негіз болған осы сауалдар еді.

– Жасыратыны жоқ, тоқыраужылдары сіздің отызға да тола қоймаған шағыңызда басыңызға сәлде орап, шапанмен мәсі киіп, қолыңызға Құран мен асатаяқ ұстап, өмірдің бел ортасына келгенқариядай имандылық уағыздарыңызбен халық алдына шығуыңыз кәрі-жастытаңғалдырғаны рас. Тіпті сол жылдары Азиядан Еуропаға емшілікмиссиясымен тыңнан түрен салған алғашқы шипагер атандыңыз. Ал бүгіндекөрінбейсіз. Бұл Сары әулие дәуренінің өткенінің белгісі ме?

– Өзіңіз білесіз, кеңес уақытындағы саясаттың ықпалына орай, дініміз бентіліміз қанатын кең жая алмады. Ол кезде елімізде қазақ мектептерінен гөрі орысмектептері көп болды. Нәтижесінде орысша білім алған, халқымыздың салт-дәстүрімен әдет-ғұрпынан ада, имандылықтан жұрдай ұрпақ өмірге келді. Қазіргідей емес,ол жылдары мешіттер аз және оқыған, сауатты имамдар да тапшы еді. Меніңшипагерлік миссиям дәл осы кезеңге дөп келгендіктен, мен ең алдымен 70 жыл бойыұмытылған туған дініміз бен тілімізді тірілту басты мақсат екенін түсіндім.«Адамның жаны сау болса ғана, тәні сау болатынын» уағыздау арқылы халықтырухани жұтаңдықтан арылтуға тырыстым. Негізгі мақсатым адамдардың жанынтәрбиелеу болды. Ал жанды емдеудің басты құралы – имандылық, адамгершіліксекілді ізгі қасиеттерден басталатыны сөзсіз. Сол себепті мен өзімді бүгінгікүні өткен ғасырдың соңын ала түбірі бар болғанымен, ұмытыла бастаған исламдінінің имандылық туралы қағидаларын насихаттаған, туған дініміздің елімізегемендік алғанға дейінгі алғашқы қарлығашымын десем, артық айтқандық болмасдеп ойлаймын. Мен сол бір қиын кезде уағыздарым арқылы адамдардың санасыныңтуған дінімізге бұрылуына себепкер болсам, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін білімдіимамдар бұл істі одан ары жалғастырып әкетті. Мен имам емеспін және дағуат-насихаттарымныңтақырыбы тек дінді ғана қамтымайды.

– Ата-ананың азан шақырыпқойған есіміне адал болу пенде үшін, ең алдымен, Алла алдындағы жауапкершілікекенін ескерсек, дәл осы қағиданы шариғат тұрғысынан жақсы білетін сізге төл есіміңізденалшақ,  «Сары әулие» атауын өзіңізге телуқаншалықты қажет болды?

 – Мен ұстанған шипагерлік дәстүрдіңтүп қазығы – уағыз бен халық емін бір-бірімен ұтымды ұштастыру. Бұл тұрғыдаменің  миссиямның рухани сипаты өзім туғантопырақта маған дейін өмір сүрген діндар-емші Сары молданың ұстанған жолынаұқсас екені дау тудырмаса керек-ті. Содан да болар, алғаш стадионға шыққанкезде халық бірауыздан мені оның көзіндей көріп, «Сары әулие» атап кетті. Бұлатты мен өзіме өзім қойған жоқпын, ол – халықтың берген лақап аты.

– Сіздің емдеу-сауықтыру әдісіңіздіңалтын діңгегі уағыз болса, уағыздың уығы – сөз – психотерапияның дәстүрліқұралы. Егер әуелден адам тәніндегі кеселді осы әдіс арқылы емдеп-сауықтырудымақсат етсеңіз, онда сізге Мәскеудегі арнайы оқу орнынан тағы да қосымша холистикалықмедицина бойынша білім алудың не қажеті бар еді?  

– Бұрын ел ішінде сырқаттарды оқу-тоқусыз-ақ, табиғи дарыны арқылы емдеген шипагерлерболған. Бұл арқылы менің айтпағым, бойында Алладан берілген қасиеті бар жанғаешқандай диплом қажет емес. Десек те, 90-жылдары менің емдеу-сауықтырууағыздарымды жүргізіп, Балтық жағалауындағы Гурзуф, Батыс Германияның Ганноверқаласындағы халық емшілері, окультистер мен діни бірлестіктер өкілдері жиналғанқұрылтайлардағы ғылыми конференцияларда баяндама жасап, семинарларда тәжірибемменбөлісуім үшін оны растайтын арнайы құжат қажет болды. Яғни менің емдеу әдісімдіқандай да бір дәстүрлі емдеу мектебіне кіргізіп, ресмилеу керек болды. Солсебепті Ресейдегі «Қара Лотос» емшілер ордасында қосымша оқып, «Холистикалықмедицина бойынша емдеуге және дәріс оқуға құқылы» деген қос диплом алып шықтым. 

– Бұл холистикалық медицинаның басқа емдеужүйесінен басты айырмашылығы неде?

Әрбір емдеу мектебінің өзіндік әдіс-тәсілі, жолы, дәстүріжәне даму сатысы бар. Бір ғана халық емшілігін алсақ, бұл дәстүрлі емдеу түріхалықтың өзінің өмір бойы жинаған тәжірибесінен туып, уақыт өте келе, толысып-жетілді.Халық емінде дін-шариғат жолымен емдеумен бірге, халықтың салт-дәстүріне енгенырым-жоралғылардың ұтымды тұстарын да қолдануға болады. Ал холистикалықмедицинаның ерекшелігі – ол баламалы емдеу жүйелеріне тән барлық емдеутәсілдерін қамтиды, яғни жанмен бірге тәнді де емдейді. «Холос» сөзі гректілінен аударғанда «біртұтас» деген ұғымды білдіреді, яғни ағздағы бір мүшеніемдеу үшін организмді тұтастай басшылыққа алып, «жалқыдан – жалпыға» дегенпринципке жүгінеді. Оның тармақтары кейде окульттік ғылымдарды да қамтиды.

– Окульттік ғылым туралы айттыңыз.Бүгінде көпшілік окультизмді тылсым әлемге тән ғылым емес, сиқыр депқабылдайды. Бұған сіздің алып-қосарыңыз бар ма?

– Тылсым дүниенің өзегін окульттік ғылым құрайды.  Ол «білім, билік, құдірет» атты үшкомпоненттен тұрады. Оның негізінде үлкен энергетикалық күш тоғысқан. Өкінішкеқарай, окультизмнен хабары жоқ жандар оны сиқыр (магия), ол ақ-қара болыпбөлінеді деп түсінеді. Шындығында, ол теңдесі жоқ энергетикалық қуат көзіақ-қара болып бөлінбейді. Ол сырқат жанды емдеу барысында адамның тағдырындағытұқымқуалаушылық сабақтастығы немесе «қарымта заңдылығы»  (бумеранг) арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп,тұйықталып қалған түйіннің күрмеуін шешу барысында жасалатын діни-емдікрәсімдерді атқару барысындағы окультистің пейілі мен пиғылына байланысты. Кейдекейбіреулер теледидардан «Жұлдыз-жорамал» топтамасын көргенде оның растығынакүмәнданады. Мүмкін, ондағы айтылғандардың 100 емес, 50 пайызы  сәйкескелетін шығар. Бірақ біз оның ойдан құрастырылған дүние емес, оқыған, кәсіби астрологтардыңқолымен жасалған болжам екенін қалай теріске шығарамыз? Ал егер оған сенсек,сәйкесінше, біз аспан денелерін зерттейтін ғылым – астрономия екеніне қалайшүбә келтірмекпіз? Демек, бұл ғаламды әу бастан жаратқан Алла болғанымен,окульттік ғылым осы ғажайып ғаламның құрамындағы аспан денелері мен ондағынәзік субстанцияларды әсте жоққа шығармайтынына да қарсы уәж айту ақылғасыймайды.

– Бір таңғаларлығы,альтернативті емдеу мектептері әртүрлі болғанымен, фитотерапия, яғни дәрілікшөптермен емдеу олардың бәріне ортақ. Мұны немен байланыстыруға болады?

– Фитотерапия өзінше бір емдеу саласы болғанымен, ол барлық емдеужүйелерімен астасып жатыр. Тіпті Тибет медицинасының басым бөлігі дәрілікөсімдіктермен емдеуге негізделген. Ванганың «Әр адам өзінің кіндік қаны тамғанжердің өсімдігімен емделуі тиіс» деуі бекер емес. Өйткені адам баласы құрсақтажатқанда, анасы қандай аймақта тұрып, қай жердің өнімін тұтынса, болашақтадүниеге келетін нәресте организмінің ерекшеліктері де сол жердің ауасы менсуына, өсімдігіне бейім келеді және сырқаттана қалса сол жердің дәрілікшөптерін тұтынса, шипасы да мол болады. Мысалы, батыстың жері сор, көбінесеалабота өседі. Кенді Алтай өңірінде салқын тигенде денені булауға болатын арша,самырсын секілді шипалы ағаштар, оңтүстікте ыстыққа төзімді өсімдіктер өседі.Және де осы шипалы өсімдіктер әр ұлттың дүниетанымына сай болып келеді. Мысалы,жолжелкен, түймедақ, қалақай, мыңжапырақ секілді дәрілік шөптер әуелдентабиғатпен етене  жақын орыс халқыныңөмірімен біте қайнасып кеткен. Оны олардың ағзасы да жақсы сіңіреді.

– Соңғы кезде қоғамда атауы жоқмультифакторлы ауру түрлерінің саны арта бастағаны жасырын емес. Мұның себебінадамдардың өмір сүретін ортасы мен әдет-дағдысынан іздеуге бола ма?

– Сырқат тек салқын тиюден немесе инфекцияны жұқтырып алудан ғанатуындамайды, одан бөлек, тұқымқуалаушылық арқылы және түрлі күйзеліс-депрессияныңсалдарынан туындап, орталық жүйке арқылы ағза мүшелеріне тарайтынпсихосоматикалық ауру түрлеріне де ұласып жатады. Ауруды туындататынфакторлардың бірқатары адамның тұтынатын тағамына да байланысты. Мәселен, қытайлықтартеңіз өнімдерін тұтынса, кәрістер ащы тағамға әуес,  азиялықтар ет тағамдарына, орыстар бау-бақшаөнімдеріне құмар. Егер бұл өнімдер шектен тыс қолданылса, әлбетте, оның салдарыда белгілі болмақ. Таулы жерде тұратындарда қан қысымының жиі көтерілуі,жынысты орманды өлкені мекендегендердің аптап ыстыққа шыдай алмауы, керісінше,ауа райы жылы жердің тұрғындарының суыққа төзе алмай, бірден үсікке шалдығуыолардың мекенжайының географиялық орналасу бедеріне байланысты. Сондай-ақ текбелгілі бір аймақ тұрғындарына  ғана тәнауру түрлері де бар. Мысалы, радиацияның зардабынан Семей, Байқоңыр  тұрғындары зардап шексе, Алматы, Өскемен,Павлодар секілді аймақтарда зауыттардан шығатын улы заттар тері жәнеонкологиялық сырқаттардың туындауына себепші. Адамдардың кәсібіне орайтуындайтын сырқаттар да жетерлік. Атырау секілді балық шаруашылығынамашықтанып, оның етін тұтынатындардың ағзасында одан тарайтын құрттар көп.

– Сөз басында уағыздарыңыздыңтек дін қағидаларын насихаттаумен ғана шектелмейтінін айтып өттіңіз. Олайболса, бүгінгі таңда неге бұрынғыдай рухани-тәлімгерлік сабақтарыңызды өткізбейсіз?

Бүгінде халықтың алдына шықпау себебім, біріншіден, соңғыуақытта ел ішінде түрлі ағымдардың өкілдері бой көрсете бастады. Ондай «адасушылардың»көпшілік жиналған жерде лаң тудырмайтынына кепіл жоқ. Екіншіден, басындаайтқанымдай, мен дініміздегі имандылық қағидаларын қажет кезде халықтың  бойына сіңіріп үлгердім. Бұған қоса, қазірелімізде мешіттер көп және ондағы имамдар әр жұма сайын уағыз айтады. Сондықтанбүгінгі таңда менің бүкіл халыққа жаппай уағыз айтуымның қажеттігі жоқ. Бүгінгікүні мен арнайы шақыру бойынша аутизм, сал ауруларына шалдыққан балалармен жәнеолардың ата-аналарымен кездесіп, қарттар, балалар үйлері мен ЖОО-да, әскеримекемелерде рухани дәріс сағаттарын жүргіземін. Сырқаттарды жеке емненөткіземін. Халық медицинасына қатысты өз тәжірибем негізінде бастаған біреңбегімді жазу үстіндемін. Жалпы, шипагерлік миссия уақытқа тәуелді емес.

– Ресей арнасындағы әр елдіңемші-экстрасенстері қабілеттерін көрсетіп, бағын сынайтын «Экстрасенстершайқасын» көрдіңіз бе? Бұл қаншалықты дұрыс? Егер сізге ұсыныс түссе барар маедіңіз?

– Иә, бұл жобаның бірқатар шығарылымдарын көрдім. Экранның сыртындаотырып-ақ мен бұл бағдарламаның әуелден арна рейтингін көтеруге арналған теле-шоуекенін түсіндім. Алайда мұның екінші жағы бар. Қатысушылардың арасында асадарынды қасиет иелері, окультистер де аз емес. Олар, бір жағынан, бүгінгіадамдарға өз қабілеттерінің мүмкіндігі мен шексіздігін көрсете отырып, кейбіржандардың тұқымдарында орын алған қарғыстың түп-тамырына балта шабу үшінрәсімдер жасап, тағдырларының түзу жолға бұрылуына себепкер болуда. Өзім бұлжобаға шақырса да бармас едім. Алла шапағатшы болып рақым етпесе, ешбір қасиетиесі өз тарапынан ештеңе жасай алмайды. Сәйкесінше, «Алла бойыма қасиетқондырды» екен деп, дандайсуға да болмайды.

– Қазіргі уақытта ауқымдысеанстар өткізбесеңіз де, көпшілік орталарда әлі де басыңызға орамал байлап, ақкөйлекпен жүруіңізді немен түсіндіресіз?  

– Қазірге дейін жеке ем жүргізгенде мен міндетті түрде ақ киімімді киіп,қолыма Құран мен асатаяғымды ұстап шығамын. Бұл – менің басқадан ерекшеленейіндегенім емес, әуелден маған аян арқылы түскен, шипагерлік миссиямның бір атрибуты.Былайғы күндері қатардағы адамдардай киінгеніммен, мешіттегі жұма намазғанемесе бір жерге садақаға баратын кездерде қолыма Құран мен асатаяқты ұстамасамда, кең тігілген ақ көйлек киіп, басыма орамал байлап барамын, кейде сыртынанқазақы шапан киемін. Менің қазіргі киетін киімімнің алдыңғысынан өзгешелігі –бұл барлық қажылар киюге болатын киім. Мен де қажымын, сол себепті мұндайкиіммен жүруге құқым бар деп ойлаймын.

– Сөз соңында оқырмандарға қандайтілек айтар едіңіз?

– Соғысты, аштықты, індетті, жоқшылықты көрген бұрынғы адамдар «білсем,үйренсем, оқысам» деп білмекке ұмтылды. Ал өмір жақсарған сайын, қазіргіадамдар тойынып, білмекке ұмтылудың орнына, керісінше, рухани құлдырауда. Еңбасты қасірет – адамның жан сарайының ластанып, рухани жұтаңдануы. Сондықтан даоқырмандарға жан сарайларыңызды лас дүниелерден аршып алуға, руханиқоржындарыңызды байытуға ұмтылыңыздар дегім келеді.

– Әңгімеңізге рақмет.

 Сұхбаттасқан Арай САХАРИЕВА

                                                       


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34