Сарыағаштағы оқиға бойынша бірқатар шенділер қызметтерінен босатылды

15.03.2018, 18:02

198

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы №73 мектептің бірінші сынып оқушысына қатысты жағдай бойынша бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жиын өткізіп, ақпарат құралдары өкілдеріне  арнайы мәлімдеме жасады.

Облыс басшысының айтуынша, өзінен 7-8 жас үлкен балалар зорлаған болуы мүмкін деген баланың жағдайымен бала құқығы жөніндегі уәкіл, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева арнайы келіп танысып, оны Астана қаласындағы  арнайы мамандардың қатысуымен кешенді сот-медициналық сараптамасына өткізу үшін алып кеткен. Ал жергілікті жерде жүргізілген екі сараптама баланың зорланғанын растамаған.

-Баланың әжесі ішкі істер органдарына былтыр қыркүйекте арызданған. Алайда ол арыз жазбағандықтан іс бойынша материалдар жинақталмаған. Қазір осыған байланысты мектептің инспекторы қызметінен босатылды. Жергілікті полицияның басшысын жұмысынан босату жөнінде ұсыныс берілді. Сонымен бірге Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы басшыларының да тәртіптік мәселесі қаралады,-деді жиында хабарлама жасаған Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков.

Түймебаев өзінің орынбасары Ұ.Сәдібековке қатаң ескерту берілгенін,  Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі басшысы О. Бердалы  мен Сарыағаш ауданы, Абай ауылдық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Ә.Ибрагимовтың,    ювеналды полиция бөлімшесінің №73,№74 жалпы орта мектептеріне жауапты полиция инспекторы Қ.Сәриевтің қызметтерінен  босатылғанын жария етті.

«Сонымен қатар аудандағы жағдайды дер кезінде назарға алып, тиісті шара қабылдамаған аудан әкімі Қ. Әбдуәлиевке қатаң сөгіс жариялаймын. Бұдан бөлек, сол салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Қ. Қыстаубаевқа шара көруді және Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Майрихов пен №73, №74 жалпы орта мектеп  директорларына тергеу амалдары аяқталғанша жұмыстан шеттетеуін тапсырамын», — деді Жансейіт Түймебаев.

Сондай-ақ, өңір басшысы аудандармен байланысты әлсіретіп алғаны үшін  облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындықовқа  сөгіс түрінде шара көрілетінін атап өтті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00