Састөбеде жаңа емхана салынады

Сайт әкімшілігі

04.02.2021, 21:48

779

Биыл Түркістан облысы Түлкібас ауданында  көп жылдан бері шешімін таппай келген Састөбе кентіндегі жаңа емхана құрылысы мен аудан орталығынан 300 орындық және Еңбекші ауылынан 150 орындық жаңа мектептің құрылысы бастау алмақ.

Бұл туралы аудан әкімі Н.Байғұт бүгінгі ел алдында қорытынды есеп беру жиынында мәлімдеді.

Пандемияға байланысты онлайн-форматта өткен есепті кездесуге, аудан тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құрал өкілдері бейне байланыс режимінде және әлеуметтік желіде қатысып отырды.

Жиында аудан басшысы ауданымыздың өткен 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуы мен атқарылған жұмыстармен қоса, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады.

Аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылған. Апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі түбегейлі шешілген. Балабақшамен қамту 100% пайызға орындалып отыр. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жолдар жөнделіп көшелер жарықтандырылуда. Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына және кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер ететін газ саласы оңтайлы шешімін тапқан.

Сонымен қатар, кездесуде аудан әкімі барлық елді мекендердегі есеп беру жиналыстарында тұрғындардан түскен сұрақтар, ұсыныс-пікірлердің және мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың сапалы, уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.

Аудан тұрғындары табысты атқарылған жұмыстар мен алда атқарылатын міндеттерге оң бағаларын беріп, түнгі жарықтандыру шамдарын орнату мен инфраструктура тартуға қатысты сауалдарына нақты жауаптарын алды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39